Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылғы қаңтар-қарашада Павлодар облысы бойын- ша инфляция индексі 104,7%-ды құрады. Бұл орташа респуб- ликалық көрсеткіштен төмен – 104,7 (республика бойынша 4-орын).

Азық-түлік тауарларына инфляция индексі 108,3% көлемінде қалыптасты, республика бойынша көрсеткіш 108,4%-ды құрады. Бұл ретте облысымыз республика бойынша 6-орынды иеленді.

Азық-түлік емес тауарларға баға өсімі 103,4%-ды құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен (104,3%), республика бойынша 12-орында тұр. Ақылы қызметтер инфляциясы 101,6% құрайды, бұл орташа республикалық көрсеткіш деңгейінде.

Азық-түлік нарығында ағымдағы жылдың қаңтар-қарашада азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға (108,3%), алкоголь ішімдіктеріне және темекі өнім-деріне (107,8%) бағаның өскені тіркелді. Сондай-ақ, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар (115,9%), ет (ет өнімдерін қоса алғанда) (114,0%), балық және теңіз өнімдері (119,8%), сүт өнімдері (104,7%), май және тоң майлар (102,7%), жұмыртқа (119,8%) кондитерлік өнімдер (104,7%) қымбаттады.

Қант (77,5%), жемістер мен көкөністер (99,4%), бағаларының төмендеуі байқалады. Жемістер мен көкөністер және қант бағаның төмендеуінің себебі маусымдық сипаты және нарықтағы өнімдердің үлкен көлемі болып табылады.

2019 жылғы қаңтар-қарашада азық-түлік емес тауарлар нарығында киім-кешек пен аяқ киім (104,2%), тұрмыстық заттар (103,8%). баға-сының өсуі байқалады. Тауар-лардың осы түрлеріне бағаның өсуіне шикізат бағасының артуы және басқа облыстар мен шетел өндірушілерінің жоғары шығындары себеп болып табылады.

Қызмет көрсету саласында тарифтер тұрғын үйді жалға алу (116,8%), көлік (101,5%), демалыс және мәдениет (106,2%), денсаулық (106,3%), білім (105,1%), мейрамханалар және қонақүйлер (103,6%), әр түрлі тауарлар мен қызметтер (103,2%) бойынша қайта белгіленді. Сонымен қатар, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері тарифтерінің төмендеуі (99,4%) байқалады.

Облыс кәсіпкерлік және сауда басқармасы бағалардың негізсіз өсуінің алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыруда. Бұл бағытта негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар және инфляциялық процестерді тежеу бойынша іс-шаралар жоспары орындалуда.

Облыстың қалалары мен аудандарында арнайы құрылған жұмыс топтары апта сайын азық-түлік бағаларының мониторингін жүргізеді. Бағаның негізсіз өсуіне жол берген сауда объектілеріне ден қою шараларын қабылдау бөлігінде бақылау-қадағалау орган-дарымен жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруа-шылығы тауар өндірушілерімен, көтерме жеткізушілермен 20 мемо-рандум жасасты, 2019 жылға қала мен аудандарда «Әлеуметтік дүкендердің» жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорынан ұсынылған баға бойынша өнімдерді сату бойынша меморандумдар жасау бойынша жұмыс жүргізді.

«Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақ-тандыру қорынан ағымдағы жыл ішінде облыстың және қаланың сауда нүктелеріне килограмы 238 теңгеден 68 тонна күріш өткізді. Сондай-ақ, қазан-қараша аралығында тұрақ-тандыру қорына 1 килограмы 95 теңгеден 1-сұрыпты бидай ұны, бір данасы 75 теңгеден 1-сұрыпты бидай ұнынан әзірленген 50 мың нан, литрі 305 теңгеден 21,069 литр күнбағыс майы, 1 килограмы 25 теңге бағасы бойынша 1 млн. дана 1 категориялы тауық жұмырт-қасы, 232 теңге/кг бағасымен 68 тонна күріш, 60 теңге/кг бағасымен 300 тонна картоп, 50 теңге/кг бағасы бойынша 100 тонна сәбіз сатып алынды.

Сондай-ақ, өңірімізде апта сайын ауылшаруашылық жәрмең-келері өткізіледі. 2019 жылдың басынан бері облыста 2089,9 млрд. теңге сомасына 565 жәрмеңке өткізілді, Павлодар қаласы бойынша 1559,3 млн. теңге сомасына 46 жәр- меңке өткізілді.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік» мәрте-бесін иеленген дүкендердің жұмыс істеуі және бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдеріне 10% сауда үстемесінің сақталуы бойынша бақылау қамтамасыз етіледі.

Павлодар қаласы бойынша 26 «әлеуметтік» дүкен белгіленді, соның ішінде 4 дүкен ауылдық округтерде орналасқан.

Бағаны ұстап тұру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі және ерекше бақылауда тұр, деп сендіре- ді облыс кәсіпкерлік және сауда басқармасының мамандары.

 

Нұрбол ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz