Бұл бастаманы бұған дейін «Social Assembly» республикалық жастар фору- мында ҚХА «Жаңғыру жолының» бел- сенділері көтерген болатын. Мұндай орталықтар еліміздің барлық облысында құрылды. Жаңадан ашылған волонтер- лер қозғалысы орталығына жетекшілер тағайындалып, алдағы жоспарлары ресми түрде бекітілді.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының мең- герушісі Айнұр Сәрсенбаева аталмыш орталықтың алдына қойған 5 міндетін атап өтті.

- Бұл - біз үшін үлкен бастама. 4 бағыт, яғни әлеуметтік, спорт, білім және «Келісім» медиация бағытында жұмыс істейтін еріктілер тобының алдына үлкен міндеттер жүктеп отырмыз. Яғни, ҚХА волонтерлік қозғалысының қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің бірыңғай тетігін әзірлеу, волонтерлер институтын дамыту, әлеуметтік міндеттерді шешуге азаматтық тұрғыдан атсалысу дағдыларына баулу, еріктілер қозғалысының көшбасшыларын анықтау, халық арасында әлеуметтік идеялары мен принциптерін тарату жүктелді. Әр бағыттың алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Мысалы, «Бірлік» әлеуметтік бағытындағы белсенділер әлеуметтік бағдарламалар аясындағы қоғамдық іс-шараларды ұйым-дастыруға және қатысуға міндетті. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берумен қатар тарихи-рухани құндылықтарды қорғап, қалпына келтіру жұмыстарына қатысады, - дейді А.Сәрсенбаева.

Өңірдегі волонтерлік қозғалыс орталығының жетекшісі болып Рамиль Смаилов тағайындалды. Әр бағыт бойынша жауапты тұлғаларға Еріктілер белгісі мен құжаты салтанатты түрде табыс етілді.

Жиын соңында қатысушылар орталық- тың негізгі жұмысымен танысып, open space форматында тәжірибе алмасты.


Раис АФАНАСЬЕВ, «Волонтерлік қозғалыс орталығының» «Тәрбие» спорттық бағытының жетекшісі: - Өзімнің дене шынықтыру және спорт саласындағы ұзақ жылғы еңбек өтілімді пайдалана отырып, көп адамға көмектесетініме қуанып отырмын. Менің басты мақсатым - спортшылар мен еріктілердің басын қосып, түрлі мектептер мен ЖОО - да үйірмелер, спорттық жарыстар өткізу. Алға қойған жоспарым көп. Тек оны жүзеге асыру қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалардың да арасында шеберлік сағаттарын ұйымдастырсам деймін.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz