Субсидияның сарсаңы

- Агроөнеркәсіп кешенін дамы-тудың 5 жылдық бағдарламасы әзірленгенімен, нәтиже көңіл көншіт-пейді. Экспортқа жіберілген өнімнің 33 пайызы ғана қайта өңделген өнім. Шикізатты экспорттап, дайын өнімді сатып аламыз. Экспорт пен қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар тиімділігін көрсетуі қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел Президенті субсидия бөлудің талаптары жиі өзгеретінін де атап өтті. Шынымен де, қазір шаруаларды алаңдатып отырған осы мәселе. Қаржының уақытылы қолға тимеуі павлодарлық мал баққан ағайынды да әуре-сарсаңға салып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қымбат Сейітқалиеваның мәліме-тінше, өткен жылы облыстың агро-кешенін дамытуға 23,4 миллиард теңге қаражат бөлінген. Оның 14,4 миллиард теңгесі - республика- лық бюджеттен. Қаражаттың басым бөлігі шаруаларға субсидия ретінде беруге жұмсалған. Атап айтсақ, 1609 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мемлекет қолдауын сезініпті.

- Мал шаруашылығы, қайта өңдеу, гербицид пен тыңайтқыштардың шығынын өтеуге жергілікті бюджет- тегі қаражат жұмсалады. Республи-калық бюджет арқылы инвестсубсидиялау, ауыл шаруашылығы мақсатында несие алған шаруалардың 7-10 пайыздық шығыны өтеледі. Десе де, қатып қалған ереже жоқ. Жергілікті бюджеттегі қаржы жетпей жатса, республикалық қазынадан орны толтырылады. Былтыр субсидиядан қағылған шаруаларға биыл ең бірінші кезекте қаражат беріледі. Әзірге министрлік тарапынан субсидия бөлудің тәртібі бекітілген жоқ. Ақпан айында қай бағыттағы субсидия қысқарды немесе оңтайланды-рылғаны жайлы белгілі болады, - дейді Қ.Сейітқалиева.

Қайта өңдеуде қайыр бар

Агроөнеркәсіптік кешенді дамы-тудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арнайы карта құрған болатын. Бұған сәйкес, қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды. Атап айтсақ, сүтті, етті, теріні және жүнді, майлы және дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі, қант қызылшасын және картопты қайта өңдеу кәсіпорындарын құру қажет. Картаға сәйкес, 2021 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту көзделген. Сөйтіп, қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9 триллионнан 3 триллион теңгеге дейін ұлғайту және 7 мың жұмыс орнын құру жоспарланған еді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Естаевтың айтуынша, Павлодар өңірінде қайта өңдеу саласы бойынша мәселелер көп.

- Шыны керек, бұл бағытта мақтанарлық көрсеткіш аз. Жылына 2000 тонна күнбағыс тұқымы жиналғанымен, амалсыздан сыртқа жібереміз. Картоптың жағдайы да сол. Шикізат мол болғанымен, өзімізде қайта өңдеуге мүмкіндік жоқ. Қантты 100 пайыз сырттан әкелеміз. Қайта өңдеу кәсіпорындарын құру үшін инвесторларды тарту қажет. Қазір мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін есепке алып, бұл бағытта жүйелі жұмыстарды қолға алып жатырмыз, - дейді Н.Естаев.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту Үкімет пен облыс басшыларының ең басты жұмыстарының бірі екенін еске салды. Олай болса, іске сәт!

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

saryarka-samaly.kz