Мұз айдынының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер фирма - «ТОИР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанды алдағы жазда қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Ал жеңіл атлетика манежі мен олимпиадалық резерв даярлау орталығын салып жатқан «ТаразҚұрылысИнвест» және «ГСУ Құрылыс» компания-лары қос спорттық нысанды 2021 жылдың соңына дейін іске қосуды уәде етуде.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов анағұрлым қолжетімді жабдықтар сатып алу арқылы жүзеге асып жатқан жобалар құнын арзандату мүмкіндігін қарауды тапсырды. Облыс әкімі мұндай қадам сапалы жабдықтауға ешқандай кері әсерін тигізбеуі тиіс, деп ескертті. Сонымен қатар, өңір басшысы жаңа спорттық мекемелердің кадрлық құрамын жасақтау мәселесімен қазірдің өзінде айналысу, тұрғындарды аталмыш нысандарға жеткізетін көліктік байланысты қамтамасыз ету міндетін қойды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz