Әбілқайыр Сқақовқа «Қазақстан алю- минийі» АҚ жүзеге асыратын табиғатты қорғау жобалары таныстырылды. Пісіру цехындағы зиянды заттардың көлемін азайту үшін жалпы құны 10 млн. АҚШ долларынан асатын, неміс технологиясы бойынша жасалған екі жаңа электр сүзгі орнатылуда. Оның алғашқысы осы жылдың ақпан айында қойылған. Қазірдің өзінде жоғары нәтижелер көрсетіп, әр шаршы метр жерден 50 мг қалдық тозаң жинайды. Жоба бойынша кәсіпорынның негізгі көздеріндегі өндірістік қалдықтарды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Мұндай жүйе алю- миний зауытының санитарлық-қорғау аумағында жұмыс істеп тұр. Еуразиялық топ компанияларының барлық қызмет-керлері осы жүйенің деректерін көре алады.

Әкім Павлодар қаласының тұрғында- ры үшін жүйедегі деректермен танысу мүмкіндігін тудыруды сұрады. Мониторинг мәліметтерін қала көшелеріндегі LED-экрандарда көрсетуге болады. Кәсіпорын басшылығы бұл мүмкіндікті қарастыруға уәде берді.

Аймақ басшысы «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның гидрометаллургиялық цехына да барды. Ал Қазақстан электролиз зауытында алюминий электролизінің цехында болды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz