Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Татьяна Нагуланың мәліметінше, COVID-19 инфекциясының таралу қаупіне байланысты негізгі азық-түлік тауарларының тізіміне сарымсақ (чеснок) енгізілген.

- Бүгінде облыста 41,9 мың тонна картоп бар. «Екінші нан» 7 айға жеткілікті. Сәбіз 19,9 мың тонна (9 ай), пияз 3,1 тонна (3 ай), сарымсақ 120 тонна (57 тәулік), күріш 1,9 мың тонна, сиыр еті 1,3 мың тонна, қой еті 468,3 тонна, жұмыртқа 4003,1 мың дана, ұн 6,7 мың тонна, қарақұмық жармасы 1,7 мың тонна, макарондар 1,5 мың тонна, майлылығы 2,5 пайызды құрайтын сүт 185,8 тонна, сары май 97 тонна, өсімдік майы 318,7 тонна, ет-өсімдік консервілері 420 тонна және 2 мың тонна қант (60 тәулік) сақтаулы. Қоймаларды азық-түлікпен толықтыру жұмыстары жалғасуда. Жергілікті тауар өндірушілер де тоқтаусыз жұмыс істеп, өнім молынан қорға жөнелтіледі, - дейді Т.Нагула.

Тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда жәрмеңкелер өткізілуде. Жыл басынан бері облыста 125 жәрмеңке ұйымдастырылып, 481,7 миллион теңгенің өнімі сатылған. Алдағы сенбіде облыс орталығында өткізілетін жәрмеңкеде табиғи өнім молынан сатылмақ. Шаруалар 20 тонна ет өнімдерін әкеледі деп күтілуде.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

saryarka-samaly.kz