Арнайы экономикалық аймақ 2011 жылы құрылған-ды. Қазір мұнда 12 кәсіпорын жұмыс істейді, биыл тағы 8-ін іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде арнайы аймақтың резиденттері 6,3 миллиард теңге көлемінде салық төледі. Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3,2 миллиард теңгені құрайды. «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясының басшысы Әлібек Несіпбековтің сөзінше, аймақтың жұмысы барысында бюджеттік 1 теңгеге 10 теңге құрайтын жеке инвестиция тартылды.

Аймақ басшысына жеңіл балқытылатын көлік дискілерін шығаратын «Вектор Павлодар» ЖШС-де жыл соңына дейін дөңгелектерді бояйтын цех ашу жоспарланғаны айтылды. Қазір Павлодарда өндірілетін дөңгелектер Ресейде боялады. 2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кәсіпорын 170 мың дискі шығарды.

Әкім «УПНК-ПВ» ЖШС-інде алюминий өндірісінде қолданы-латын қыздырылған мұнай коксы өндірісімен танысты. Кәсіпорының негізгі тұтынушысы - Қазақстан электролиз зауыты. Бұдан бөлек, Павлодарда өндірілетін қыздырылған мұнай коксы Ресей мен Қытайға экспортталады.

«АгроХимПрогресс» ЖШС-інде Әбілқайыр Сқақов ауыл шаруа-шылығында қолданылатын химикаттар өндірісі қарқынымен танысты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 11 мың тоннаны құрайды. Бүгінде павлодарлық кәсіпорын отандық аграрлардың гербицидтер, пестицидтер мен басқа да химикаттар қажеттілігінің
12 пайызын қамтиды. Кәсіпорынның екінші кезегі іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 35-40%-ға дейін өседі деген жоспар бар.

Сонымен қатар, аймақ басшысы пештік отын мен ыдыс-аяқ жууға арналған, жасанды тастардан жасалған шұңғылшалар шығаратын «RTF PVL» ЖШС кәсіпорнында болды. Зауыт өнеркәсіптік белсендірілген көмір өндірісі жабдықтарын іске қосу үшін карантиннің аяқталуын күтіп отыр. Өндіріс жұмыстары осы жазда басталмақ.

Әкім арнайы экономикалық аймақтың әлеуеті толық пайдаланылмай жатқанын айтты. Аймақтың төрттен бір бөлігі ғана жұмыс істеп тұр. Әбілқайыр Сқақов қалған бөлігінде дайын инфрақұрылымы бар аумаққа инвестиция тарту керектігін айтып, мәселені шешуді тапсырды. Бір айдан кейін қолға алынған шаралар жайында АЭА басшылығының есебін тыңдамақ.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz