14 мамыр күні сағат 10.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Аймақ басшысы төтенше жағдай режимі кезінде облыстағы жүзеге асырылған шаралар қорытындысы мен аймақтың даму жоспары жайында баяндайды.

Құрметті оқырман!

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа қойғыңыз келетін сауалдарыңыз болса, біздің редакцияға келесі электронды мекенжай бойынша жолдай аласыздар: ssamaly29@gmail.com

Сұрақтарыңыз баспасөз мәслихаты барысында облыс әкіміне қойылатын болады. Баспасөз конференциясының барысын Facebook-тағы Pavlodar Region парақшасында және Instagram желісінде  @pavlodar_region аккаунты арқылы көруге болады.

 

Редакция.

saryarka-samaly.kz