- Фархат Бауыржанұлы, ка-рантиндік шараларды жеңілде-тудің екінші кезеңінде халыққа қызмет көрсету орталықтары-ның (ХҚКО) жұмысына қандай өзгерістер енгізіледі деп күтілуде?

- Әзірге өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы толық басталған жоқ. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың шешімі бойынша ғана іске кірісетін боламыз. Карантиндік шараларды жеңілдетуге байланысты оң шешім шыққаннан кейін Павлодар қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс істейді деп жоспарлануда. Нақтырақ айтар болсақ, шаһардағы ХҚКО-ларда электронды түрде қолжетімсіз, яғни, тек қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Тұрғындар Еgov.kz порталы арқылы рәсімделген өтініштерінің нәтижесін ала алады. Жалпы, қағаз жүзінде 97 түрлі қызмет көрсетіледі. Солардың негізгілеріне тоқталар болсақ, паспорт пен жеке куәлік алу, жер телімдері мен мүлікті тіркеу, архивтік анықтамаларға тапсырыс беру, әйелдердің жүктілігіне және баланың туылуына байланысты құжаттарды рәсімдеу, басқа да қызмет түрлері бар. Бірақ, азаматтар міндетті түрде ХҚКО-ға бармай тұрып 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек алып, нақты уақытын брондауы қажет. Онсыз қызмет көрсетілмейді. Осы тәсіл арқылы орталыққа тұрғындардың көп жиналмауын және оларды жұқпалы індеттен сақтап қалу жағын ойластырып отырмыз.

Ал көпбалалы отбасылар, мүге-дектер және зейнеткерлер элек-трондық қызметтерді ХҚКО-дан алуларына болады. Аталған 3 санат-қа жататын азаматтар үшін әр фронт-офисте жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Бұл тұрғындар да орталыққа келетін уақытын брондауы керек. Сондай-ақ, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер 1414 колл-орталығына қоңырау шалып, ХҚКО-ның өкілін үйіне шақыртып, өзіне қажетті қызметтің барлық түрін алуына болады.

Айта кетерлігі, осынау өзге-рістердің барлығы Павлодар қала-сындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал Ақсу, Екібастұз қала-лары мен аудандардағы ХҚКО-ы өзгеріссіз жұмыс істейді.

- Үйінде компьютері жоқ азаматтардың мәселесі қалай шешіледі?

- Иә, мұндай проблема да бар. Компьютерлері жоқ жандар үшін ХҚКО ашылғаннан кейін Павлодар қаласында арнайы «бұрыш» жасаймыз деген ойымыз бар. Оның нақты қандай мекенжайда орналасатынын, қалай жұмыс істейтінін қосымша хабарлаймыз. Жалпы, онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар алдымен 1414 нөміріне хабарласып, орталық операторларының кеңесіне жүгінгендері жөн. Сонда еш қиындық орын алмауы тиіс.

- Карантин кезінде ХҚКО-ның қызметін онлайн түрде алушылар қатары артты ма? Жалпы, онлайн режимінде қызмет көрсету жүйесі өз тиімділігін дәлелдей алды ма?

- Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері қазақстан-дықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы онлайн түрде 10,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет түрін алған екен. Бұл дегеніңіз отандастарымыздың цифрлық сауаттылық деңгейінің жақсы екенін және онлайн қызметтердің қолжетімді әрі тиімділігін көрсетеді. Негізінен, бүгінгі таңда электронды форматқа аударылған және egov.kz порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамын азаматтар үйінде отырып-ақ өздігінен ала алады. Бұған қарап, ХҚКО-ның жұмысы күннен-күнге дамып келе жатқанын байқауға болады.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Нұржайна ШОДЫР.

saryarka-samaly.kz