- Абай Әсетұлы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы-ның ХVІ маусымы қашан басталады?

- Бүгінгі таңда «Жасыл елдің» «аэрографиялық» отряды жұ-мысқа кірісіп кеткен. Олар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ломов көшесі, 147-үйдің қабырғасына мурал салып, тарту етті. Ол жергілікті сурет-ші Ольга Керимованың таны-мал картинасы негізінде іске асты. 20 мамыр күні эколо-гиялық жасақтар жұмысқа кірісті. Мұнда әр топта 10 адам-нан ғана жұмыс істейді. Ал маусым айының басында ХVІ маусым салтанатты түрде ашылады деп күтілуде.

- Биыл қанша адамды жұмыспен қамту жоспарда бар?

- Жылдағы дәстүр бойынша облыстың барлық қалалары мен аудандарын қосқанда 1500-ден астам сарбазды жұмыспен қамту көзделуде. Өткен жылы алғаш рет «Жасыл ел» штабы Майқайың кентінде құрылғаны мәлім. Қазіргі таңда олар да іске кірісуге дайын. 

- Сарбаздар қандай бағыттар бойынша еңбек етеді?

- Негізі, 3 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Ол - «экология», «құрылыс» және «шығармашы-лық» отрядтар. «Экология» бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы-мен 122 сарбазға арналған жаңа жобамыз бар. Мұнда колледждердің студенттері жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «құрылыс» жасағы бойынша да бірнеше мердігер компаниямен келіссөз жүргізілген. Биыл біздің сарбаздар «Сары-арқа» ықшам ауданында және 350 орындық мектеп-интернаты мен 600 орындық мектептің құрылысына қатысады. Айта кетерлігі, студенттерді жұмыспен қамту бойынша облыс орталы-ғындағы 3 университетпен де келісімшарт жасалған. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері құрылыста еңбек етеді. Яғни, аталмыш білім нысанының жанында студенттер үйі бой көтеруде. Ал «археологиялық» жасақ бойынша бізде Margulan орталығымен де бірлескен жобамыз бар. Онда 50 адам жұмыс істейді. Олар Баянауыл ауданы мен Екібастұз қаласына барып археологиялық қазба жұмыстарына қатысады.

- Сарбаздардың биыл-ғы еңбекақысы қалай тө-ленбек?

- Биылғы жалақы 29 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге дейін жетеді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында ең жоғары жалақы «құрылыс» пен «экологиялық» жасақтарында төленеді. Негізі, жастардың жалақысы жұмыс берушілерге тікелей байланысты. Кей жұмыс берушілер 42 500 теңге төлесе, кейбірі 38 мың теңге береді. Ал бұған қосымша біздің тарапымыздан берілетін 29 мың теңге республикалық жалақы тағы бар. 

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz