Қылқoбыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көнесі. Жалпы, ұлттық аспaптардың ішінде қобыз үні сарынға бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қaтaр, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де, қoбыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Сeбебі, оның ішегі мен ысқышы ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келеді. Оның қыл қoбыз аталуы да сондықтан. Қылқобызды хaлқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын-шайтан жоламайды деп ырымдайды.

Киелі аспапты жанына серік еткен Нұртас Жұматай алғаш рет қылқобызды үйреткен ұстазы жайлы былай дейді:

- Алматы қаласындағы атақты Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің қылқобыз-шысы болған Нұролла Бекжанов ағамыз 2007 жылдан бастап Ертіс-Баян өңірінде еңбек етті. Сол жылдары мен Павлодар қаласының музыкалық колледжіне оқуға түсіп, осы ағадан дәріс алдым. Менің алғаш қылқобызға деген махаббатымды оятқан Нұролла аға еді. Өкінішке қарай, ұстазым өмірден өткеннен кейін Үміт Қойшыбайқызы-ның дәрістерін тыңдап, өнерімді шыңдай түстім. Мен үшін киелі аспап - қылқобыздың ашылмаған құпиялары әлі де көп.

Бүгінде «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызме-ті орталығында мәдени-сауық қызметінің бөлім меңгерушісі болып қызмет ететін Н.Аманкелдіұлы өнер жолында Ақтамберді, Қазтуған жыраулардың сынығы болған, дәстүрлі әнмен жыршылық дәстүрдің дүл-ділі Бекболат Тілеуханды үлгі тұтатынын айтады.

- Кез келген өнер адамының алдыңғы буынға қарап бой түзеп, сол адамның ізі-мен жүруді мақсат ететіні бар емес пе? Мен үшін Бекболат ағаның шығармашылы-ғымда алатын орны бір төбе. Бұдан бөлек, менің репертуарымда халқымыздың ықы-лым заманнан келе жатқан көне туынды-лары да бар, - дейді ол.

Қобызшының репертуарында Қорқыт-тың, Ықыластың және халық әндері бар. Олардың барлығы қылқобызға негізделген.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz