- Марат Сұлтанбекұлы, төтенше жағдайдан кейінгі аймағымыздағы спорттың күйі қандай?

- Төтенше жағдай кезінде спортшылар үй жағдайында жаттығуларын жалғастырып, спорттық бабын сақтап қалуға тырысты. Тіпті, онлайн турнирлер ұйымдастырылып, спортты серік еткен жандар-дың белсенділігі төмендеген емес. Бүгінде облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жаттығулар ашық алаңдарда ғана өткізілуі тиіс. Бір мезетте 30 адамнан артық жиналмауы керек. Тәртіпке бағынған спортшылар әзірге шеберліктерін жеке шыңдауға бой үйретуде. Төтенше жағдайдан кейін өңір спортшылары жеңісті жолдан жаңылмайтынына сенімдімін.

- Кеселдің кесірінен облыс аумағында қандай ірі турнирлер өткізілмеді?

- Сәуір айында Павлодар қаласында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған дзюдодан халық-аралық жарыс ұйымдас-тырылуы керек-тін. Спорттық дода кейінге шегерілді. Жалпы, облыс аумағында 300-ге жуық турнир өтпей қалды. Осы орайда, жарыстарды ұйымдастыруға бөлінген қаражат қайтадан облыстық бюджетке қайтарылғанын атап өткен жөн.

Төтенше жағдай кезінде павлодарлық спортшылар 50 оқу-жаттығу жиындарына, 200 республикалық және 35 халықаралық турнирге қатыса алмады. Олардың қатарында «Гранд Слам Екатеринбург» турнирі, Нью-Дели (Үндістан) және Сиянь (Қытай) қалаларында жоспарланған еркін күрестен іріктеу турнирі, мылтық атудан Дортмунд (Германия) қаласындағы халықаралық турнир бар.

Командалық жарыстарға тоқталсақ, шайбалы хоккейден ел біріншілігі мерзімінен бұрын аяқталып, павлодарлық «Ertis» күміспен күптелді. Сөйтіп, көкшетаулық «Арлан» коман-дасының орнына келесі жылы Құрлықтық кубокте ел намысын қорғайтын болды. Футболдан ел біріншілігі маусым айында жалғасын тауып, көрермендерсіз өткізіледі деп күтілуде. Бұл майданда жүрген «Ertis» толық құраммен жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті. Жалпы, республикалық турнирлердің барлығы дерлік мерзімі кешіктірілсе де ұйымдастырылады. Себебі, іріктеу жарыстары арқылы ел құрамасы жасақталатынын атап өткен жөн.

- «Ertis» демекші, футбол командасының қаржылық жағдайы қалай шешіліп жатыр?

- Әзірге қандайда бір нақты шешім айту қиын. Қиындықтарға қарамастан, команда құрамы сақталып қалды. Ұжымдағы ахуал жақсы. Футболшылар біріншіліктің басталуын асыға күтуде.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.

saryarka-samaly.kz