Атап айтар болсақ, Павлодар қаласындағы №5, 6, 9, 11, 14, 17, 19, 24, 29, 33, 36 (2 музей), 43 және Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте (бұрынғы №22 мектеп) музейлер ашылған. Олардың қатарында этногра-фиялық, экологиялық, виртуал-ды және жауынгерлік даңқ музейлері бар. Әр музейдің тарихы тереңде жатыр. Мәселен, №22 мектепте бұрынғы директор Камал Диярованың бастамасы-мен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Бауыржан Момышұлы атын-дағы жауынгерлік даңқ мұражайы ашылды. Оның негізін қалаушы соғыс ардагері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Рахымберді Аликов екенін атап өткен жөн. Ол мектепке көпте-ген құжаттарды, жеке заттарды, кітаптар, хаттар мен фотосурет-терді тапсырды. Аталмыш тарихи орында стендтер, жауынгерлік қарулардың макеттері, 316-шы атқыштар дивизиясының оқ-дәрі-лерінің сынықтары, интернационалист жауынгер Б.Бекішевтің жеке заттары, шағын аудан арда-герлерінің мерейтойлық медальдары сақтаулы. Бұл экспонаттарды жинауға ардагерлердің туыстары, Г.Потанин атындағы облыстық музей, қалалық жауын-герлік және «Өрлеу» филиалы-ның педагогикалық еңбек ардагер-лерінің музейі, Шафер мұражай-үйі, Павлодар мемлекеттік педа-гогикалық университетінің мұра-жайы көмек көрсетті. Құнды жәдігерлермен толыққан музей былтыр шығыс өңірінің мектеп мұражайларының республикалық байқауында марапатқа ие болды.

Ал №14 мектептегі жауынгер-лік даңқ мұражайы 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бұрынғы директор Әлия Әжібаеваның ұйытқы болуымен ашылды. Оған соғыс кезіндегі алғашқы 50 экспонат Ресейдің Псков облысы, Невель және Новосокольничий аудандарынан әкелінді. Сондай-ақ, мұнда 316-атқыштар дивизиясы және Ауғанстаннан әскерлерді шығару-дың 28 жылдығына орай Ертіс өңірінің интернационалист жауын-герлеріне арналған бөлім ашыл-ды. Оның ашылуына алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бақытжан Өтепов көп үлес қосты.

№16 лицей-мектебінде шека-рашы-жауынгерлерге арналған әскери даңқ бұрышы жұмыс істейді. Онда «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шекарашылар»,
«Ауған соғысына шекарашылар-дың қатысуы», «Қазақстан Рес-публикасының алғашқы бітімгер-лері», «Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметі қазіргі кезең-де» атты бөлімдер, Ауғанстанда қаза тапқан мектеп түлегі Виктор Грибчикке арналған бөлім бар. Экспозицияларда Ұлы Отан және Ауған соғыстарына қатысты 500-ге жуық экспонат, құжаттар, фото және видеоматериалдар ұсынылған.

№17 мектептегі «Мектеп сәттері-17» виртуалды мұражайы да қарқынды дамып келеді. Ол биыл ғана білім ордасының сайтында құрылды. Бұл жерден мектеп тарихы, педагогикалық еңбек ардагерлері туралы ақпараттар және «Алтын жүрек», «Мектеп мақтанышы - үздік түлектер», «Талантты оқушылар», «60 үздік оқушы», «Туған күніңмен, сүйікті мектеп!» сынды айдарлардан қызықты мәліметтермен танысуға болады. Қазіргі таңда мұндай виртуалды мұражайлар ақпараттық білім беру құралы болып табылатындықтан, оған деген сұраныс жоғары екені қуантады.

№19 мектепте 2000 жылы М.Көпеев атындағы этнографиялық мұражай ашылды. Мұғалімдер, мектеп оқушылары мен ата-аналар бұл музейден облыс тарихы туралы материалдар мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданылған тарихи заттарды, қазақ киіз үйінің макетін және түрлі тарихи картиналарды тамашалай алады. Оған мектептің бұрынғы директоры Баян Суханқұлова өте көп үлес қосты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған мұражайда қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған білім беру мекемесінің түлектері демеушілік етті.

П.Васильев атындағы №9 мектеп-гимназиясының әдеби-өлкетану мұражайы 1994 жылы құрылған. Ол өлкетану, өнертану, этнография, қазақ халқының салт-дәстүрлері, патриоттық және эстетикалық бағыттар бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, осындағы оқушылар Ертіс өңірінің зиялы қауымымен және суретшілер, жазушылар, ақындармен қарым-қатынас жасап, түрлі кездесулер ұйымдастырып отырады. Мектеп мұражайына түлектер көп қолдау көрсетуде. Мұражай облыстық байқауда (2016, 2018 жылдар), «Музей - ұрпақтар байланысын байланыстырушы» атты қалалық сайыста  (2015, 2017, 2019 жылдар) жүлделі 2-орын алды.

№36 мектептегі экологиялық бағыттағы музейде жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қатысты 200-ден астам экспонат бар. Ерекше атап өтерлігі, бұл музейдегі стендтерде жаһандық экологиялық проблемалар мен апаттар, Павлодардағы химиялық зақымдану аймақтары көрсетіліп, метеорологиялық құралдар қойылған. Мәселен, Екібастұз қаласының көмір разрезі туралы қызықты ақпараттар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциясы бар.

Музей 1998 жылы биология пәнінің мұғалімі Любовь Данилованың басшылығымен «Родник» экоклубының негізінде құрылды. Ал 2011 жылы білім мекемесі «Мектептер: болашақ серіктестері» жобасына (ПАШ) еніп, әлемнің 2000 мектебінің қатарына қосылды. Жоба аясында Германияның Гете институты түрлі елдердегі қалаларды көгалдандыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізді.

Айта кетерлігі, Қазақстанның 200 мектебі «Қазақстанның экомектебі» жобасына енгізілген. Соның ішінде №36 мектеп жасыл туға ие болған жетінші мекеме болып табылады. 2016 жылы «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысы аясында біздің жерлесіміз Қазақ КСР Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов осы музейді тамашалады. Сонымен қатар, осы білім ұясында 2005 жылдан бастап Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзин атындағы жауынгерлік даңқ мұражайы да жұмыс істейді. Ол 2010 жылы «Белоруссияны неміс-фашистік басқыншылардан босатудың 65 жылдығы» мерекелік медалі-мен марапатталды және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Алғыс хатын алды. Осы жылы қалалық жауынгерлік даңқ мұражайларының байқауын-да І орын иеленді.

Өткеннен сыр шертетін тарихи мұраны сақтап, ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ парыз. Осы мақсатта ашылған мектеп музей-лері арқылы оқушылар туған Отанының, жерінің, елінің тарихын, ата-бабаларының мәдениетін терең танып-біліп, патриоттық тәрбие алатыны сөзсіз.

 

Н.АҚЫТЕГІ.

saryarka-samaly.kz