Тереңкөл ауданына жұмыс сапары-мен барған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жолды жөндеу жұмыстары ауданның дамуына тың импульс беретінін атап өтті.

Бұған дейін негізгі көшелер ретке келтірілсе, ендігі жерде асфальт төсеу ісі тұтастай қамтылмақ. Аудан әкімі Ернұр Әйткеновтің айтуынша, жолдың сапасына алаңдауға негіз жоқ. Жауапты мердігер – «Дорстрой» ЖШС. Жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Келесі жылы жөндеу күткен 10 шақты көшені аудандық бюджет есебінен ретке келтіреміз, деп отыр әкім.

Жаңашылдыққа ұмтылған кәсіп-орындардың бірі – Песчан жөндеу-механикалық зауыты. Бүгінде мұнда еуропалық талаптарға сай келетін жылыту қазандықтары, ауыл шаруа-шылығы техникаларының қосалқы бөлшектері шығарылады. Десе де, зауыт өз мүмкіндігін 45 пайызға ғана пайдаланып отыр. Өнімге сұраныс жоғары екенін ескерсек, кәсіпорынның өндірістік қуаттылы-ғын арттыру жобасын қайта қарас-тырған жөн.

- Төтенше жағдайдың қиынды-ғына төтеп берген зауыт қызметкер-лері жұмысын тоқтатпай, 3 ауысым бойынша еңбек етті. Бастысы, өнім көлемі сақталып қалды. Ендігі жерде кәсіпорынның қуаттылығын арттыру жұмыстарын қолға алған жөн. Қазан-дықты шетелден сатып алғанша, отан-дық тауарға басымдық берілуі керек. Біз өз тарапымыздан барынша қол-дау көрсетеміз, - деді облыс әкімі.

Зауыттың атқарушы директоры Арман Алекпаровтың айтуынша, қазандықтарды тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша әзірлеуге мүмкін-дік бар. Содан болар, жергілікті әлеу-меттік нысандардың басшылығы сенімді серіктестікке айналып, отан-дық өнімді қолдауға келгенде аянып қалған емес. Айтпақшы, мұнда жылы-на 60 қазандық дайындалатын көрінеді. Әрқайсысының бағасы – 3 миллион теңге. Ал ауыл шаруашылығы техни-каларының қосалқы бөлшектері ресейлік өніммен салыстырғанда 15 пайызға арзан екен.

Астықты өңір саналатын Тереңкөл ауданында кез келген ауыл шаруа-шылығы жобасын жандандырып жі-беруге болады. Жері құнарлы, су ізде-сең Ертіс өзені – іргеде. Бұл ретте, Мем-лекет басшысының суармалы ал-қапты дамыту жөніндегі тапсырмасын тереңкөлдіктер терең түсініп отыр.

Аудан әкімі Ернұр Әйткеновтің мәліметінше, биыл мұнда 5 мың гектар суармалы егіс алқабын енгізу көзделген. Бұл – осы жылы облыс бойынша іске қосылуы тиіс суарма-лы жердің 20 пайызы.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапары барысында бірқатар диқандардың егіс алқабында болып, суармалы алқапты дамыту жоспарларымен танысты. Кооперативке біріккеннен іс бітетінін қаперіне алған 8 шаруа қожалығы «Береговое-Агро» тұтыну кооперативін құрыпты. Сөйтіп, үлкен істі қолға алып, 2530 гектар жерді суармалы алқапқа айналдыру жобасын әзірлеп үлгерген. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан жоба құны – 1,1 миллиард теңге. Суды Ертіс өзенінен жеткізу үшін 5 сорғы станциясы салынбақ. Қуатты электр желісі қажет етілетіндіктен, оны егіс алқабынан 19 шақырым жерде орналасқан аудан орталығынан тарту көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыстар 4 айдың ішінде аяқталмақ.

Аймақ басшысы фермерлер мол қаражат құйылған инвестициялық жобаның тиімділігін сезініп, аймақ агросекторының дамуына үлес қосу керектігін атап өтті.

- Шаруалар суармалы алқапты іске қосу арқылы көкөніс пен жем-шөп дақылдарының өнімділігін арттыруы керек. Ол үшін әрқайсысының шаруа-шылықты дамыту жоспары болуы қажет. Бес-алты жылдан кейін атқа-рылған жұмыстардың оң нәтижесін көргім келеді. Яғни, көкөніс дақыл-дарының көлемі артып, жем-шөп база-сы нығайып,  тауарлы сүт фермалары көптеп салынса екен. Осылайша, жобаның тиімділігіне көз жеткізіледі. Өңіріміздегі суармалы алқаптың 2 пайызы барлық өнімнің 50 пайызын құрап отыр. Кеңестік дәуірде әр гектардан 10 тонна өнім алынса, қазір кем дегенде 30 тонна алынады. Суармалы жердің артықшылығын осыдан-ақ топшылай беріңіз, - деді Ә.Сқақов.

Тереңкөл ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдар-ламасы шеңберінде жөнделіп жатқан ғимараттар аз емес. Мәселен, бүгінде Октябрьское ауылдық мектебінің терезелері мен есіктері ауыстырылып жатыр. Мұндай жұмыстар Жаңабет ауылдық мектебінде де жүргізілуде. Оған қоса, жаңа шатыр салынбақ. Аталған ауылдың ашыл-ғаннан бері 40 жыл уақыт жөндеу көрмеген мәдениет үйі де жаңартылып жатқанын атап өткен жөн. Жоба құны – 19 миллион теңге. Сондай-ақ, бұл ауылда екі пәтерлі тұрғын үй салыныпты. Оған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде еліміздің оңтүстік өңірінен көшіп келген мұғалім, агроном сияқты қажетті мамандар қоныс теппек.

Облыс әкімі жаңа үйдің бөлмелері сапасыз әрленгенін айтып, кемшілікті жоюды тапсырды. Әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына жауапты мердігерлерге кестеден кешікпей, тиісті шараларды сапалы атқаруға шақырды.

Аймақ басшысы «Жұмыспен қам-ту жол картасы – 2020» бағдарла-масы аясында Тереңкөл ауылында салынып жатқан жабық мұз айды-нының құрылысымен танысты. Жаңа нысан ашық мұз айдынының жаны-нан бой көтеруде. Мердігер өкілдері бар шаруаны тамыз айында аяқтай-мыз деп отыр. Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл хоккей командасының тарихы тереңде екенін, жаңа нысан жас хоккейшілердің шеберліктерін шың-дауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

 

О.АХМАДИЯ.

saryarka-samaly.kz