Железин ауданына жұмыс сапа-рымен барған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов шаруашылықтағы жаңашыл-дықтарды оң бағалады.

Иә, бүгінде ғылымсыз ауыл шаруашылығы саласын дамыту мүмкін емес. Заманауи технологияң болмаса да көшке ілесу қиын. Мұны бес саусақтай білетін «Пахарь» шаруа қожалығының басшысы Олег Литвиненко шаруашылықты дамыту жоспарын түзіп, оны жүзеге асыру үшін барын салуда.

- Бүгінде иелігімізде 35 мың гек-тар жер бар. Оның 9200 гектары - су-армалы алқап. Оны 3 мыңға ұлғай-туды көздеп отырмыз. Жерді Мичурин ауылының аумағынан қарастырып қойдық. Басымдық астық дақылдары-на беріледі. Қала берді, жүгері, картоп, сәбіз егіледі. Картоп өсіруді соңғы жылдары қолға алсақ та, гектарынан 50 тонна картоп жинаймыз. Көкөніс сақтауда еш қиындық жоқ. Сыйымдылығы 12 мың тонналық қойма жұмыс істеп тұр. Қазір тағы сонша көлемдегі қойманың құрылысы басталып кетті. Соңғы жылдары жоңышқа өсірудің қыр-сырын зерттеп жатырмыз. Оны сапалы мал азығы ретінде пайдаланып, Қытай нарығына да жөнелтпекпіз. Өсімдікті Сауд Арабиясы мен Корея да алуға дайын. Бірақ, Қытай ерекше қызығушылық танытып отыр. Бүгінде ондағы жоңышқа тапшылығы - 2 миллион тонна. Олар өсімдіктен балалар тамағын жасауға ниетті. Қытай нарығында жоңышқаның тоннасы 400-500 долларға бағаланады. Өнім-ді экспорттау ісін ретке келтіру үшін 5 миллион еуроға жуық қаражат қажет, - дейді Олег Литвиненко.

Шаруашылықта сұранысқа сай жоңышқа алқабын арттыру көзделуде. Бүгінде мұнда 2,5 мың гектар бар. Тағы 2,5 мың гектарға ұлғайту мақсат етілуде. Қазірдің өзінде әр гектардан 50 центнер өнім алынуда. Өсімдік 25 күнде өсіп шығады екен. Яғни, бабын тапса, жылына өнімді екі рет алуға болатын көрінеді.

Шаруа қожалығы басшысының мәліметінше, бүгінде мұнда 4200 ана-лық ірі қара ұсталады. Оның 1200-і - голштин тұқымды сүтті сиырлар. Нәтижесінде тәулігіне 25 тонна сүт өндіріледі. Күні кеше әр сиырдан 25 литр сүт алынып, өзіндік рекорд-тық көрсеткіш тіркеліпті.

Бүгінде шаруашылықта 140 шақты адам нәпақа тауып жүр. Жұмыскер-лерге 12 пәтерлі екі қабатты 4 үй тұрғызылыпты. Тұру тегін, тіпті ком-муналдық шығындарға да қалта-ңыздан бір тиын шығармайсыз. Жұмыскерлердің бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени-ойын-сауық кешені, бассейн және спорт залы салынған. Сондай-ақ, дәмхана, дүкен, мектепке дейінгі шағын орталық пен фельдшерлік амбулатория бар.

- Ірі шаруашылықтарға ғылым-мен байланыс жасау – маңызды іс. Мамандардың біліктілігі сапаның да, санның да артуына сеп болады. Сүт өндірудегі көрсеткіш қуантады. Қолда бар тұрақты жем-шөп қорымен күніне 30 литр сүт алуға болады, - деді аймақ басшысы.

Железин ауданының орталығында «Еңбек» бағдарламасы арқылы өзге өңірлерден қоныс аударушыларға, жергілікті әкімдікте үй кезегінде тұрғандарға екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Соңғы рет мұндай ірі тұрғын үй құрылысы 5 жыл бұрын салыныпты. Аудан әкімі Қанат Қашкировтың мәліметінше, бүгінде аудан бойынша үй кезегінде 234 адам тұр. Оның 47-і – жетім балалар.

- Жаңа үйде 12 екі бөлмелі, 13 бір бөлмелі пәтер болады. Ғимарат орталық жылу жүйесіне қосылады. Жалпы, биыл ауданда 2800 шаршы метр баспана салу жоспарлануда, - дейді Қ.Қашкиров.

Құрылыс жұмыстарына жауап-ты мердігер - «Аттик-Строй» ЖШС-нің өкілі Нұрлан Байдуллаев тұрғын үйді қазан-қараша айларының ара-лығында тапсыратынына уәде беріп отыр. Бүгінде жергілікті 24 адам жұмысқа тартылған. Құрылыстың жалпы ауданы - 1200 шаршы метр.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов құрылыстың сапасына мән беру бір бөлек, кейін тұрғын үйдің айналасын абаттандыру ісі ұмыт қалмау керектігін ескертті.

Железин ауданы орталығында жуырда қайта жаңғыртылған су құбыры пайдалануға берілген еді. Нәтижесінде ұңғыма суын пайдала-нып келген 130 үйдің тұрғыны орта-лықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Тұтынушыларға арналған су тарифі бір текше метр үшін 62 теңгені құрайды. Ауыл тұрғыны Жасұлан Асайынов игілікті істі көптен күткенін, бұл ретте, су құбырын салуға атса-лысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту жұмыстарын жүй-елі жалғастыруды тапсырды.

Бұдан кейін аймақ басшысы ау-дан орталығында салынып жатқан жылу тарату желілерінің құрылысымен, «Арман» спорт кешені мен «Шабыт» шығармашылық және жастар орта-лығының жұмысымен танысты.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

saryarka-samaly.kz