Су құбыры – әр үйге!

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Май ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Май топтық су құбырының Баскөл ауылында орналасқан бас сорғы станциясына барды. Бүгінде мұнда тазарту қондырғылары мен резервуарлар ретке келтіріліп, суды босату шаралары тестілік режимде жүргізілуде. Сынақ жұмыстары маусым айында аяқталып, 10 мыңнан аса тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізбек.

- Май топтық су құбы-рының магистральдік желі-лерінің ұзындығы - 147 шақырым, ал елді мекендерге тарату желілерінің ұзындығы - 187 шақырым. Тәулігіне 4 мың текше метр су босатауға қауқарлы. Бұл  20 мың адамды қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сондықтан да, Ақсу ауылдық аймағының жақын елді мекендерін топтық су құбырына қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Жалпы, жыл соңына дейін облыс тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін 50 пайызға
дейін жеткізу көзделуде, - дейді облыстық жер қой-науын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев.

«ҚазСуШар» кәсіпорны өкілдерінің айтуынша, судың құрамынан темір мен марганецтің көп мөлшері анықталыпты. Оны реттеу үшін Германия, Дания және Швейцария мемлекеттерінен соңғы үлгідегі қондырғылар әкелінген. Әзірге тариф бағасы белгісіз.

Аймақ басшысы су әр үйге жеткен кезде ғана жетістік болып есептелінетінін атап өтті.

- Жергілікті биліктің басты міндеті - жеке аулаларды орталық сумен жабдық-тауға барынша қосуды қам-тамасыз ету. Егер орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылу нүктесі ауладан жүз метр қашықтықта болса, тұтынушылар үшін үйге су кіргізу қиын болады, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Сапалы мал азығы – өнім кепілі

Май ауданының шаруалары өсімдік шаруашылы-ғындағы көрсеткіштермен мақтана алмаса да, суармалы алқапты дамыту арқылы көштен қалмауға тырысуда. Аудан әкімі Марат Ақтаевтың айтуынша, әзірге өңірде 370 гектар суармалы жер бар. Оны 2020 жылға дейін 8386 гектарға жеткізу көзделіп отыр. Осы орайда, 4 шаруашылық ірі жобаларды іске қосу жолында еңбектеніп жатқан көрінеді. Солардың бірі - «Nur Jailay» шаруа қожалығы.

- Суармалы алқап арқылы сапалы мал азығын әзірлеп, 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын салу жоспарда бар. 430 гектар алқапқа жүгері мен арпа егетін боламыз. Ал бордақылау алаңының жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жобаға құйылған инвестиция – 900 миллион теңге. Оның 400 миллион теңгесі «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қолға тиді. Қаражатқа Эстониядан герефорд тұқымды 500 ірі қара сатып аламыз. Әзірге карантиндік шаралардың салдарынан малды жеткізу мүмкін болмай тұр. Егер мал азығы қоры жеткілікті болса, әр сиыр тәулігіне 1,5 келі салмақ қосады деп болжап отырмыз, - дейді шаруашылық басшысы Нұржан Қарманов.

Облыс әкімі жем-шөп дайындаудың маңыздылығына назар аудару керектігін айтты. «Бізде жем-шөп базасының жоқтығынан ірі бордақылау алаңдары жобалық қуатқа шыға алмаған теріс мысалдар бар», деді Әбілқайыр Сқақов.

Бұдан кейін аймақ басшысы «Ақжар Өндіріс» ЖШС-нің қымыз цехына барды. Мұнда күніне 1000 литр қымыз дайындалуда. Пластмасса құтыларды да өздері жасап шығарады екен. Биыл алғашқы төрт айда кәсіпорында 20 тонна қымыз әзірленген.

Тұрғындар тұрақтап қалу үшін...

Бұл күні облыс әкімі аудандық аурухананың тыны-сымен танысты. Бас дәрігер Байболат Қазбековтің айтуынша, күн тәртібінде 2 мәселе тұр. Бірі – жерасты суларына тосқауыл қою үшін дренаждық жүйе қажет. Екіншісі – кадр тапшылығы. Атап айтсақ,  акушер-гинеколог, лор, окулист және хирург мамандар керек. Аймақ басшысы дренаждық жүйенің жобалық-сметалық құжаттарымен танысып, жауапты қызметкерлерге қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Аудан орталығындағы көше жолдарына асфальт төсеу ісі де назардан қал-мады. Жауапты мердігер – «Дорстрой» ЖШС жалпы ұзындығы 7 шақырым құрай-тын 13 көшені жөндеуге міндетті. Әзірге 6 көшедегі жұмыстар аяқталған. Ә.Сқақов ауылда су, жол болмаса, адамдардың көшіп кететінін айтты. Сол себепті, тұрғын-дардың тұрақтап қалу үшін тиісті жұмыстарды сапалы атқарған абзал.

Бұдан кейін аймақ басшысы аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аумағындағы толық көлемді футбол алаңының құрылысымен, еліміздің оң-түстік өңірлерінен қоныс аударушыларға салынып жатқан әрқайсысы 2 пәтерлі 5 үйдің құрылыс жұмыс-тарымен танысып, сапаға мән беруді тапсырды.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

saryarka-samaly.kz