- Роза Дүйсенқызы, таяуда ел Президенті отандық білім беру саласының маңызы арта түсетінін айтып, мемлекеттік саясат та соған сәйкес жүзеге асатынын тілге тиек етті. Осы мақсатқа кедергісіз жету ұстаздардың біліктілігі-не байланысты екені сөзсіз...  

-  Иә, бүгінде ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ал олардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіру мақсатында елде көп жұмыстар қолға алынуда. Әр өңірдегі «Өрлеу» орталықтары да осы бағытта үздіксіз қызмет көрсе-туде. Тіпті, карантин кезінде де біз облыс мұғалімдері үшін қашықтан оқыту курстарын ұйымдастырдық. Жалпы, институтымызда жыл сайын шамамен 2 500-ден астам педагог маман кәсіби біліктілігін арттырады. Мемлекет басшысы Ұлттық кеңесте сөйлеген сөзінде педагогтарға әдіс-темелік қолдау көрсету мәселесіне баса назар ардару қажеттігін атап айтқан болатын. Институтымызда осы бағыттағы жұмыстар сәтті жал-ғасын табуда.

Шыны керек, білім беру жүйесі күн сайын жаңарып, дамуда. Сондық-тан ұстаздарымыз көштен қалмай, қуатты мемлекет қалыптастыратын бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу-ді толық меңгеруі қажет. Саладағы өзгерістердің түпкі мақсаты – осы.

- Президент білім беру жүйесі-не оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте, алдымен қандай қадамдар жасалуы керек деп ойлайсыз?

- Меніңше, осы мақсатқа жетуге бағытталған алғашқы қадамды жаса-дық. Ол – отандық білім беру саласына жаңартылған бағдарламаның енгізілуі. Қазір мұның тиімді тұстарын жұрт әлі түсінбей жүр. Себебі, көпшілік 50 жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі оқыту жүйесіне әбден үйреніп қалды. Яғни, ескі талап бойынша мұғалім оқушыға тақырыпты бүге-шігесіне дейін тәтпіштеп, түсіндіретін. Сабақтың басым бөлігі теория жүзінде ғана өтетін. Ал жаңартылған бағдарламада практика жүзінде оқушының қабілетін, функционалдық сауаттылығын ашуға басымдық беріледі. Бала түсінбей қалған тақырыбын өзі іздеп, тығырықтан шығар жолды өзі табуы тиіс. Сол арқылы оқушы ширайды, өздігінен ізденуді, шешім қабылдауды үйренеді. Ал мұғалім тек бағыт-бағдар ғана беруі тиіс. Осы тәжірибенің нәтижесінде ауыл мен қала мектебі және дарынды балаларға арналған білім ордалары-ның мазмұнын бірдей деңгейге жеткізу көзделген. Ендігі мақсат – қолға алынып жатқан жұмыстарды одан ары дамыту.

- Мемлекет басшысы білім беру мекемелерінің директорла-рын тағайындаудың жаңа жүйесін әзірлеу керектігін айтты. Сіздіңше, бүгінгі директор қандай болуы керек және өзіңіз басқарып отырған институтта мектеп басшыларына әдістемелік көмектер көрсетіле ме?

- Әрине, қай мекемені алып қарасақ та, ондағы жұмыстың жемісті болуы  оны басқарып отырған адамның білімі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Өкінішке қарай, біздегі мектеп директорларының көбі басқарушы емес, орындаушы ретінде екінші деңгейде қалып қояды. Менің пікірімше, директор-көшбасшы болуы керек. Ал көшбасшылық қабілет кез - келгеннің бойынан табыла бермейді. Сондықтан мектеп директорларын тағайындауда да көп мәселеге назар аудару қажет деп ойлаймын. Сондай-ақ, біздің институтта директорларға арналған курстар, бағдарламалар бар. Сол бойынша көмек сұрап келгендерге қол ұшын беруден аянбаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар басқарудың тиімділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді деп сенемін.

- Павлодарлық педагог кадрларға айтарыңыз бар ма?

- Президентіміз ұстаздар қауы-мына үлкен үміт артып отыр. Еліміз-де мұғалімдердің мәртебесін көтеру-ге, материалдық жағдайын жақсар-туға баса мән берілуде. Бұл - педагог-тарға деген зор құрмет пен сенімнің белгісі. Осы сенімді ақтауға адал болыңыздар деймін.

- Пікіріңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Нұржайна ШОДЫР.

saryarka-samaly.kz