Бүгінгі күні нәзік жандылар түрлі салада табысты жұмыс істеп, қоғамдық істерге белсене араласып, бастысы ошағының отын сөндірмей, түтінін түтетіп отыр. Былайша айтқанда, әйел адамның қолынан келмейтін іс некен-саяқ, еңбек етпейтін саласы жоқ. Әйтсе де,…
Қыс қызығы
Ақ қыс келді далама,
Қуаныш сыйлап балаға.
Аққала соғып ақ қардан,
Ойнап жүр бір топ бала да.
Шырша айналып, ән салып,
Жаңа жылды тойлаймыз.
Сыйлығы бар тағы да
Қызығына тоймаймыз.
Ақ тілектер тілейді,
Үлкен-кіші бәріне.
Қысты жақсы көреді,
Жас бала да, кәрі де.
Қапалақтап қар жауып,
Ақ мамыққа оранды.
Сырғанаймыз жарқылдап,
Елемейміз боранды.
Дала аппақ, тау аппақ,
Аппақ қыстың ниеті.
Адамдарға ақ қардай,
Ақ тілекті тілеймін.
Тілебалды Іңкәр
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы
№10 лицей-мектебінің 4-сынып оқушысы