Жасанды зерде шығармашылық тұлғаны алмастыра ала ма? Artists&Robots экспозициясының ұйымдастырушылары көрермен-дерге осы сұраққа жауап беруді ұсынады. Оған 13 елдің 17 атақты суретші-модернистері қатысқан болатын. Басты сауал: жасанды зерденің шығармашылыққа бейім-ділігі. Әр суретші өз нұсқасын ұсынып отыр. Суретшілердің алуан түрлі эстетикалық тұжырымдамалары арасында бір нәрседе үйлесім табылған сияқты: IT-сфера сурет-шілерге ең батыл шешімдерін жүзеге асыруға жаңа құралдар ұсына алады.

Бірнеше жылдан бері әлем музейлері бойынша көшіп жүрген көрменің бастамашылары – «сандық өнердің» пионері Мигель Шевалье және «Grand Palais» Францияның Ұлттық музейлер бірлестігінің даму бойынша директоры Жером Нетр. Суретші-экспериментаторлар тобы IT-технологиялар жетістіктерін пайдалана отырып, көркемөнер мен мүсін өнерінің жаңа пішіндерін жасауда.

Шын мәнісінде модернизм біз үшін үйреншікті дүние, өйткені, бұл стиль ескі Алматы архитектурасында өз ізін қалдырған. Оңтүстік астананың бұрыннан таныс Республика сарайы, Пионер-лер сарайы және өзге де ғимараттар Корбюзье, Гроппиус, Мис Ван дер Роэ дәстүрінде салынған. Арт-орталығында ұсын-ылған мәскеулік фотограф Юрий Пальманның жұмыстар вернисажы дәл осы Алматының модернизміне арналады.

Мұндағы Элиас Креспиннің «Trialineados» композициясы - неонмен жарықтандырылып, мөлдір нейлон жіптеріне ілінген үшбұрышты жақтаулардан тұратын мобильді жүйе. Сахна артында орналасқан компьютер үшбұрыштарды қимылдатып, ғажайып бидің елесін келтіреді.

Португалдық Лионель Мура интерактивті тәртіпте абстрактылы экспрессионизм стилінде сурет салып, программистердің көмегімен қоршаған ортаны түйсіне алатын 7 роботты ұсынған. Жасанды зерде құмырсқалар колонияларындағы өзін-өзі ұстау үлгісін қолданады. Айта кетерлігі, сурет ешқашан қайталанбайды. Осылайша, суретші өнердегі авторлыққа деген көзқарасты қайта қарастыруды ұсынады.

Танымал Стеларк (Стелиос Аркадиу)... «Үшінші қолды» ұсынып отыр. «Үшінші қол» механикалық нысаны Йокогамада (Жапония) Waseda университеті суретшісінің эскизі бойынша жасалған. Роботтан-дырылған қолдың қимыл белсенділігі аяқ бұлшықеттері мен құрсақ қуысының электромиограммасынан келетін бұйрықтар арқылы жүзеге асырылады. Білуімізше, дәл осы экспонат Джеймс Кэмеронды «Терминатор-2» фильмін түсіруге шабыттандырған екен.

Түс, уақыт, кеңістік және бағдарламалық қамсыздандыру арқасында батыл тәжірибеге бел буған суретшілер Пушкиннің «Моцарт және Сальеридегі»: «үйлесімді алгебрамен түгендеуге» – алгоритмдерге негізделіп, шығар-машылықты сандық қалыпқа келтіруге бола ма екен сұрағына жауап іздеуге тырысады. Бірінші кезекте не тұр – автордың ойы, әлде математикалық формула ма? Мүмкін, көрменің әрбір келушісі өз жауабын табар.

saryarka-samaly.kz