Фаррахова Жұмагүл Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмед ауылында математика мұғалімі болып жұмыс істейді. Бұған дейін, дәлірек айтқанда биылғы маусым айында көрмеде болып қайтқан. «Нұр Әлем» павильоны және Ресей павильоны ерекше ұнапты. Содан тағы бір мәрте оралуды құп көрген. Бұл жолы Әсия, Нарғыз есімді бойжеткен қыздарын ала келген.

Отбасы мүшелеріне үлкен құрмет көрсетілді. Ресейлік павильон өкілдері 500 мыңыншы мейманға Ресейдің әр аймағынан өндірілетін энергиялардың символы іспетті жиынтықты табыс етті. Сондай-ақ, Жұмагүл ханымға 8 қыркүйекте өтетін Ресей ұлттық күніне шақыру билетін ұсынды. Өз кезегінде Ж.Фаррахова міндетті түрде қатысатынын айтты.

Статистика бойынша, ЭКСПО көрмесіне келушілердің әрбір төртіншісі Ресей экспозицияларына қызығушылық танытады. Айта кетелік, 4 тамыз күні ЭКСПО-2017 көрмесінің 2 миллионыншы келушісі тіркелген болатын.

«ЭКСПО» хабарларын әзірлеген – Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz