Өз сөзінде Михай Варга «Болашақ энергиясы» атты көрме тақырыбы барлық мемлекеттерге өзекті екендігін атап өтті. Сондықтан ЭКСПО-2017 көрмесін осы жылдың ең маңызды іс-шарасы деп сипаттады.

Михай Варга: «Жаңармалы энергия көздеріне көшу барлық мемлекеттерде өзекті мәселе болып табылады. Сол себепті осы бағытта мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі қатысушыларына өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Көрме – 2017 жылда әлемдік экономикадағы ең маңызды іс-шара. Көрме Қазақстан және қатысушы мемлекеттер үшін табыспен өтуде. Қазақстан Халықаралық мамандандырылған көрмені Орта Азияда бірінші болып өткізуде», - деді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова:

«Мажарстан - Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан еуропалық одақ кеңістігінде Мажарстан мемлекетін маңызды стратегиялық, сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастырады. Қазіргі таңда Мажарстанның жетекші компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда. Бізде 50-ге жуық ортақ кәсіпорындар бар. Біздің мемлекет оларды экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сонымен қатар, Мажарстан мемлекеті халықаралық аренада Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өткім келеді. Біз екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және екі халықтың игілігі үшін оны нығайтуды көздейміз», - деп атап өтті.

Биыл Қазақстан Республикасы мен Мажарстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 25 жылдығын атап өтеді.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz