Алғашқы ойында қарсыластарына 2:3 есебімен есе жіберген ертістіктер бұл жолы қарымта қайтаруға барын салды. Жан алысып, жан беріскен ойынның 53-ші минутында «Ертістің» шабуылшысы Дмитрий Цыбин қарсыластар қақпасына гол соқты. Ойын соңына дейін осы көрсеткіш өзгерген жоқ.

- Атыраудың «Бейбарыс» командасымен болған алғашқы ойында біздің жігіттер қателіктерге жиі бой алдырды. Олқылықтарды тиімді пайдаланған Атыраулықтар алғашқы ойында біздің осал жерімізді тапты. Екінші ойында жергілікті команда кеткен есені қайтаруға тырысты, - дейді «Ертіс» шайбалы хоккей командасының аға жаттықтырушысы Артем Зубарев.

Биылғы ел біріншілігінде «Ертіс» шайбалы хоккей командасы қарсыластарына     18 гол соқса, 5 шайбаны өз қақпаларына жіберіп алған. Жалпы есепте 10 ұпаймен чемпионат кестесінің 2-ші сатысында тұр.

А.ӘБДІЛҰЛЫ

saryarka-samaly.kz