Облыстық көркемсурет музейі
16-22 қазан күндері аралығында мына көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:
- Павлодар облысы Қазақстанның іскер әйелдер қоғамдастығының 20 жылдығына арналған «Шабыт. Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» атты көрмесі;
- А.Балинның жеке көрмесі;
- Алматы суретшілерінің көрмесі;
- Еңбек күніне арналған «Әр мамандық әр түрлі» балалар суреттерінің көрмесі.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана
16 қазан күні сағат 14.00-де «Тіл өнері» атты халық университеті. Ақын Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығына арналған «Ақыл мен ардың ардагері» атты поэзия сағаты өтеді.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры
20 қазан күні сағат 18.30-да және 21 қазан күні сағат 17.00-де Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» (психологиялық драма) атты қойылымының премьерасы өтеді.
Естай атындағы мәдениет сарайы
21 қазан күні сағат 17.00-де «Ретро» вокалдық ансамблінің 20 жылдық мерейтойына арналған концерті өтеді.
«Шаңырақ» ХШО
18 қазан күні сағат 14.00-де кіші залда «Жасын» танымдық клубының «Даланың дара батыры» Иманжүсіп Құтпанұлына арналған телевизиялық зияткерлік сайысы өтеді.
21 қазан күні сағат 15.00-де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында «Дәурен-ай» ансамблінің 15 жылдық мерейтойына арналған концерті өтеді.
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі
19 қазанда сағат 10.00-де «АСТАНА ЭКСПО-2017» аясында балалар ақыны Есентай Ерботинді еске алуға арналған балалар байқауының іріктеу туры.
А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры
19 қазан күні сағат 19.00-де Э.де Филиппоның «Филумена Мартурано» (драма) атты қойылымы.
20 қазан күні сағат 19.00-де Л.Герштің «Эти свободные бабочки» (мелодрайв) атты қойылымы.
21 қазан күні сағат 18.00-де А.Ивановтың «Одуванчики» (драма) атты қойылымы өтеді.
22 қазан күні сағат 18.00-де К.Кизиннің «Полет над гнездом кукушки» (драма) атты қойылымы.
22 қазан күні сағат 12.00-де «Лунная сказка» (ертегі) атты балаларға арналған қойылымы.
Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі
16-22 қазан күндері аралығында латын графикасындағы кітаптар, құжаттар мен экспонаттар көрмесі өткізіледі.
Шафердің музей-үйі
17 қазан күні сағат 16.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Дыбысталатын тарих жылнамасы» атты циклінен педагогикалық колледж шәкірттерімен кездесу.
20 қазан күні сағат 18.00-де Дина Нұрпейісованың шығармашылығы бойынша «Халық есінде» музыкалық кеш өткізіледі.
Комментарии (0)
Написать комментарий