Гүлжан Батталова басшылық ететін балабақшадағы 12 топта 263 бала тәрбиеленуде. Мұнда балалардың жақсы тәрбие, білім алып, өнерге бағытталуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Әр топта интерактивті тақта, спорт залдары, ән-күй, ағылшын, қазақ тілі бөлмелері жақсы жұмыс істеп тұр. Медбике, психолог, логопед бар. Балалардың ойын бөлмелерінің жылуы еден асты арқылы беріледі. Балаларды дамыта оқыту кешендерінің бірі - «Игренок» терминалы бар кабинет те бар. 5-6 жастағы балаларға заманауи талапқа сай вариативтік білім беріледі.

Мектепалды дайындығында оқып жүрген балалар «Сарыарқа самалы» газетіндегі «Айналайын» қосымшасымен жақсы таныс. Балалар газеттегі жұмбақ, ребустарды шешеді, қызықты ертегілерді тәрбиеші апайлар оқып береді. Күні ертең балалар мектепке барғанда «Айналайынмен» шығармашылық байланыс орнатады деп сенеміз.

Біздің «Айналайында» көңілді, балалар сергек, түрлі ойын, оқыту түрлеріне, спортқа, өнерге қызығушылықпен қатысып жүр.

«Айналайын» арқылы «Айналайынның» бүлдіршін-дерін мерекелерімен құттықтаймыз!

Әсел ӘЛИАСҚАРОВА, «Айналайын» бөбектер бақшасының әдіскері, Ақсу қаласы.

saryarka-samaly.kz