Тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін қолға алынған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының басым бағыттарының бірі – әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету.

 

Осы мақсатта Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, Ақсу қалалық ауруханасы, Павлодар аудандық емханасы, Шарбақты және Баянауыл аудандық ауруханалары көшпелі медициналық кешенінің жұмысын ұйымдастыруда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық ден-саулық сақтау басқармасы емдеу ісі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің басшысы Ләйла Рахимова мәлімдеді. Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының көшпелі медици-налық кешені негізінде 5 қабылдау кабинеті (рентген және флюорография кабинеті, терапевт дәрігердің қабылдау кабинеті, УДЗ кабинеті, зертхана, гинекологиялық кабинет) жұмыс істейді.

– Биыл 5 көшпелі медициналық кешен қызметімен 33 667 адамды қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 14 012 адамға қызмет көрсетілсе, 12 мыңнан астам адамға диагностикалық және зертханалық зерттеу жүргі-зілді. Биыл кешен Май, Железин, Тереңкөл аудандарында болып, 57 елді мекенді қамтыды. Барлығы 5235 адам қаралып, профилактакалық тексеруден өтті. Созылмалы ауруларға шалдыққан 1306 тұрғын диспансерде қаралды. Дәрігерлер кеңесіне 4360 адам жүгінсе, 875 тұрғын кеуде қуысын рентгенге түсірді. Жалпы, 18 зертханалық зерттеу жүргізіліп, 52 науқас стационарлық емдеуге жіберілді, – деді Ләйла Бекболатқызы. Спикердің айтуынша, соңғы екі жылда көшпелі медициналық кешен қызметімен шалғай ауылдардың 100 мыңнан астам тұрғыны қамтылған. Оның ішінде 72 мыңнан астам адамға диагностикалық және зертханалық зерттеу жүргізілсе, 82 мың тұрғынға кардиолог, хирург, онколог, гинеколог, педиатр, пульмонолог, лор, эндокринолог, офтальмолог сынды бейінді мамандар кеңес өткізген. Заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған көшпелі медициналық кешенде ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ, цифрлық рентген аппараты және флюорография, таразы, отоскоп, офтальмоскоп, көз түбінің тонометрі, пульсоксиметр, термометр, тонометр, гинекологиялық кресло, глюкометр, биохимиялық портативті анализатор, гематологиялық анализатор, лейкоциттер есептегіші, қан сақтауға арналған тоңазытқыш, жедел жәрдем көрсету орны қарастырылған. Павлодар аудандық емханасы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшысының орынбасары Ботагөз Тұрғанбаеваның айтуынша, аудандық емхананың көшпелі медициналық кешені26 ауылды аралап, 5162 тұрғынның денсаулығын тексеруден өткізген. Сондай-ақ қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған кешенде балалар да тексерілген. Биыл 6 айда 3577 диагностикалық зерттеу жүргізіліп, 3540 зертханалық зерттеу жасалған, бейінді мамандар кеңесіне жүгінгендер де көп. Зертханалық-диагностикалық қызметтерге қажеттілікті ескере отырып, ЭКГ, іш қуысының, бүйректің, сүт безінің және қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуінде пациенттер алдын ала жоспарланады. Тәуекел тобындағы пациенттер міндетті түрде флюорографиядан өтеді. Келісімшарт бойынша Успен ауданының ауылдарына биыл 1203 тұрғыны қамтылды. Жалпы, тоғыз елді мекенде 677 диагностикалық зерттеу және 714 бейінді маман кеңесі өткізілді. Алғаш рет анықталған өткір және созылмалы ауруға шалдыққан науқастардың 53-і жүрек-қан тамырлары ауруларымен есепке алынған. Сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін аурулары бар 37 науқас тіркелді.

Т.ӘБІЛДА.