Welder mounts in the trunk pipeline electrochemical protection

Павлодар қаласындағы 1285 көпқабатты тұрғын үйдің 1277-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта оның тек 517-сі алдағы жылыту маусымына толық дайын. Сонымен қатар, дайындығы төмен деңгейдегі 388 тұрғын үй бар. Бұдан басқа, құбырларының тозу деңгейі 98 пайызға жеткен «Тұлпар» сауда үйі, №1 қалалық аурухана, Ломов, Гагарин, Мәшһүр Жүсіп көшелерінің жанындағы учаскелерде желілер жаңартылуда.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Ризабек Әшірбеков облыс орталығындағы көпқабатты 1277 тұрғын үйдің 517-сі немесе 40 пайызы жылыту маусымына толық дайын екенін мәлім етті. Сондай-ақ, 372 тұрғын үйдің дайындығы 80 пайызды құрайды, бұл үйлерде «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің аралық дайындық актілерінің басым бөлігі алынды. Қазіргі уақытта мұнда жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында тұр. Бұдан бөлек, минималды дайындығы нөлден 50 пайызға дейінгі аралықты құрайтын 388 тұрғын үй бар.

– Бүгінгі күні көпқабатты 54 тұрғын үй ыстық сусыз қалды, онда «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігер ұйымы кварталішілік жылу желілерін қайта жаңғыртуда. Бұл үйлерде қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу тораптарының гидравликалық сынағы, ішкі жүйелерді сығымдау, су жылытқыштың тығыздығын тексеру жұмыстары өтпек. Барлық жұмыстар тамыз айының 25-іне дейін аяқталып, ыстық сумен қамту қалпына келтіріледі, – деді спикер. Сонымен қатар, Ризабек Әшірбековтің айтуынша, тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелерін сынақтан өткізу кестесінен қалып қоюына – меншік иелерінің тұрғын үйдегі инженерлік желілерін жөндеуге арналған қаражатты уақытылы жинамауы, сондай-ақ, қызмет көрсететін ұйымдардың немқұрайлығы себеп болады.

– Жылу магистралі бойынша қала 4 шағын ауданға бөлінген. Әр ауданға сеніп тапсырылған аумақтағы тұрғын үйлердің дайындығын қадағалайтын және пәтер иелерінің жиналыстарына қатысатын бөлім мамандары бекітілген. Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері апта сайын Instagram-дағы ресми парақшада қызмет көрсететін ұйымдардың мекенжайлары мен атаулары, тұрғын үйлердің дайындығы туралы бейнероликтер мен ақпараттар жиынтығын жариялап отарады. Жалпы, 1 қыркүйекке дейін барлық үйлер жылыту маусымына дайын болуы керек. Дегенмен, кейбір тұрғын-дардың белсенділігі төмен екенін атап өткім келеді. Олар түрлі себептермен үйдің жөндеу жұмыстарына қажет құрал-жабдықтарды ауыстыру үшін ұзақ уақыт ақша жинайды, – деді ол. «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің мәліметі бойынша облыс орталығындағы жылу желілерінің тозуы 89 пайызды құрап отыр. Әкімдікпен жасалған меморандумға сәйкес, 2024 жылы Павлодарда 26,6 шақырым құбырды қайта жаңғырту жоспарлануда. Келісімшарт аясында жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары 2024 жылы жүргізілсе, онда желілердің тозуы тағы 4 пайызға азаяды. Айта кетерлігі, меморандумға сәйкес, бес жылда қалада 120 шақырым кварталішілік желі ауыстырылуы тиіс.

А.МҰҚЫШЕВ.