Бұған дейін 2 мәрте театр сахнасында көрерменге жол тартқан қойылым, араға жылдар салып көрерменмен қайта қауышпақ.

- Бұрын бұл туындыны аты елге машһүр режиссерлер Ерсайын Тәпенов пен Гүлбарам Бахтиярова қойып кеткен. Кез келген режиссер жаңадан сахналанатын әр шығарманы өзінше ұсынады. Маман ретінде менің көздеген мақсатым -әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көрсету. Себебі спектакль желісінде Қарабай табын-табын малын ғана ойлап, Баянға көңіл бөлмей, байлықтың артынан қуамын деп досқа берген серттен таяды. Оның ақыры Баянның өз-өзіне қол жұмсауымен аяқталады. Ал премьерада... Мұндай қателіктер өкінішке қарай біздің қоғамда да бар. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» арқылы бүгінгі күннің де кейбір ащы шындығы көрініс табады. Қойылымның барлық құпиясын ашпай-ақ қояйын. Бастысы көрермен көңілінен шығады деген ойдамыз, - дейді театрдың бас режиссері Әділет Ақанов.

Айта кетелік, спектакльде Қозының рөлін Абзал Жақып пен Қобыланды Болат, Қарабайдың бейнесін театрдың тәжрибелі әртісі Бейбіт Шәнім сомдайды. Ал Баян рөлін сомдау өнер ұжымының қай әртісіне бұйырғанын білгіңіз келсе, қойылымдағы өзге де қызықты сәттердің куәсі боламын десеңіз, 3-4 наурыз күндері театрға асығыңыз.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz