Павлодарлық кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен жаңа өндіріс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуда. Мәселен, Павлодар облысында қор қолдауымен шағын және орта бизнес кәсіпорындары 2010-2023 жылдар аралығында 16 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Сол сияқты қолда бар кәсіпорындарын кеңейтіп, өндірістерін өркендете түскендердің қатары да қалың. Жақында кәсіпкерлерге бизнеспен, өндіріспен айналысуға даңғыл жол ашып берген «Даму» қорының аймақтық филиалы бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламалары шеңберінде нақты нәтижеге қол жеткізген бірқатар кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды.

Баспасөз туры аясында журналистер «Даму» қорының бағдарламасына қатысқан кәсіп-керлердің бизнес-кейстерімен танысып, жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу мүмкіндігімен қалай пайдаланғанын естіді. Сондай-ақ, еліміздегі бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларымен тілдесті. «Даму» қорының Павлодар облыстық филиалының директоры Игорь Одинокий ағымдағы жылдың басынан бастап «Даму» қоры Павлодар облысының шағын және орта кәсіпорындарына жалпы сомасы 60,7 млрд теңгеге қолдау көрсеткенін атап өтті. Айтуынша, барлығы 791 жоба қолдау тапты. Оның ішінде субсидиялау бағыты бойынша 46,6 млрд теңгеге 466 жоба, кепілдік беру бағыты бойынша 14,1 млрд теңгеге
325 жоба, жеңілдетілген несиелеу 4 млрд теңге сомасына 41 жоба.

— «Даму» қоры субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікті қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсетеді. Субсидиялау кәсіпкерлерге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмен-детуге және сәйкесінше ай сайынғы төлемдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл кәсіпкерлерге үнемделген қаражатты өз ісін дамытуға бағыттауға, кепілдік құралы кепіл болмаған кезде бизнесті ашуға немесе дамытуға несие алу үшін банктер талап ететін кепілдік бола алады. «Даму» қоры ұлттық даму институты бола отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта кәсіпорындардың сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл айтарлықтай экономикалық әсер беретіні белгілі. Павлодар облысында 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 16 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 454 млрд теңге салық төледі, — деп атап өтті филиал директоры.

Әрине, қордан қолдау тапқан ұжымдардың бәрін аралап шығу мүмкін емес. Дегенмен, «жақсыны көрмекке» демекші, осы шара барысында бірқатар кәсіпорындардың аталған қордан нақты көмек алып, өз істерін дөңгелетіп отырғанына куә болдық. Солардың бірі – облыстағы офтальмология саласын өркендетіп отырған «Қапанов» ЖК. Кәсіпкер әрі мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асатын офтальмолог Бақытжан Қапанов 2013 жылдан бастап жеке медициналық орталығын ашып, осы офтальмология саласында қызмет көрсетіп келеді. Орталықта көзге лазерлік және микрохирургиялық операциялар (оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру бойынша), 1 және 4 санаттағы операциялар, таңу қызметтері көрсетіледі, операциядан кейінгі және операция алдындағы науқастарға күрделі инъекциялар жасалады. Ұзақ уақыт бойы Павлодар қаласының медициналық мекемелерінің бірінде ғимаратты жалға алып келген кәсіпкер «Даму» қорының қолда-уымен медициналық орталыққа ғимарат сатып алып, бүгінгі күні жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрайтын 3 қабатты медициналық орталық заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанып, кәсіби мамандармен толықпақ.

— Ең бірінші рет 2013 жылы конкурстық негізде «Даму» Қорының 3 млн теңге көлеміндегі грантын иемденіп, жеке кәсібімді бастауға бел будым. 2016 жылдан бастап жыл сайын шетелде тағылымдамадан өттім. Еуропалық катаракта және рефрактивтік хирургтер қоғамының мүшесіміз. Осылайша офтальмология саласында қызмет көрсететін орталық ашуды жоспарладым. Аталмыш жоба «Forte Bank» АҚ-нан 70 млн теңге көлемінде мақұлдау алып, несие бойынша мөлшерлеме жылдық 19 пайызды құрады, оның 13 пайызы — мемлекеттің субсидиялары. Сондай-ақ, несие бойынша Даму қорына 33 млн теңге көлемінде кепілдік берілді, — деді Б.Қапанов.

Айта кетейік, аталған қор қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы басымдыққа ие жобаларды несиелеу механизмі негізінде бағдарламаның басым бағыттары бойынша жоба өнім-дерін, белгілі бір тауарларды шығаруда «кепілдік» және «субсидиялау» құралдарымен қолдау көрсетеді. Ішінара кепілдік шарттары бойынша кәсіпкерлер жобаның қажетті көлеміне дейін қаржыландырылуға немесе қор кепілдіктері есебінен несие сома-
сын ұлғайтуға мүмкіндік алады. Мемлекеттің осындай қолдау шарапатын сезінген кәсіпорындардың бірі – «Тандем-Пв» ЖШС мен «Тандем recycling» ЖШС. Қазақстан нарығында 2007 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейтін кәсіпорын аккумуляторлық батареяларын сату бойынша еліміздегі ең перспективалы фирмалардың бірі болып табылады. Компания жұмыс істеген уақыт ішінде Қазақстанның Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қарағанды, Семей және Алматы қалаларында дүкен-дердің үлкен желісін ашты. Аталмыш кәсіпорын директорының орынбасары Геннадий Бобылев 2017 жылы компания өзінің жаңа жобасын іске асырып, пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды бастапқы өңдеу цехын ашқанын атап өтті. Қазіргі уақытта цехтарда шамамен 12 білікті маман жұмыс істейді.

— «ТАНДЕМ recycling» ЖШС жоба-сының тұжырымдамасы Павлодар облысында қайталама полипропиленнен кәріз құбырларын өндіруді көздейді. Себебі, Қазақстанның алдында тұрған өзекті экологиялық проблемалардың бірі – «қоршаған ортаның қорғасынмен одан әрі ластануын болдырмау». Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл мәселені шешу қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға, ең бастысы — халық-
тың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Мысал үшін, акку-муляторлық батареяларды қайта өңдеу желісі бүгінгі күнге дейін ең заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Яғни, цех максималды қауіпсіздік пен жұмыс ыңғайлылығы үшін толығымен автоматтандырылған. Табысты жұмыс істеген алғашқы жылы кәсіпорын 1000 тоннаға жуық аккумуляторды кәдеге жарата алды, ал бүгінгі күні бұл сан жылына 3000 тоннаға дейін өсті. Ал 2019 жылы құю цехы іске қосылып, кәсіпорын қалдықтардан тазартылған қорғасын ала бастады, — деді директор орынбасары.

Баспасөз туры барысында ел экономикасын дамытуда ішкі нарықты отандық тұтыну тауарларымен толықтай қамтамасыз ету аса маңызды шара екенін түсіндік. Мәселен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен қолдау тапқан — «L’Pakora» тігін фабрикасының директоры Лариса Рейдің сөзінше, қазіргі уақытта кәсіпкерлердің қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру сияқты қаржы құралдары елдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыра түсуде. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорын — спорттық форма, арнайы корпоративтік және біркелкі форма, сондай-ақ, күнделікті тоқылған киімдерді шығаруға бағытталған толық циклді іске қосты. Заманауи тігін машиналарымен жарақтанған цех жыл сайын қысқы және жазғы отқа төзімді комбинезондар, сигналдық және маусымдық жилеттер, адам денесін өндірістегі зиянды факторлардан жан-жақты қорғауға мүмкіндік беретін қорғаныш киімдерін, сондай-ақ, балабақшаларға арналған төсек жиынтықтарын тігеді.

— Бүгінде жалпы ауданы шамамен төрт жүз шаршы метрді құрайтын цехты жалға алудамыз.  Фабрикада 17 тігінші жұмыс істейді, сонымен қатар, қала колледжде-рінің студенттері тағылымдамадан өтеді. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өз ғимаратымызға көшсек деген жоспарымыз бар. Фабрика үшін тігін жабдықтарын сатып алу жөніндегі жобаны «ForteBank» АҚ «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылдық 19,5 пайызбен қолдады. Мұнда қарыз алушының түпкілікті мөлшер-лемесі 8 пайыздан 10 пайызға дейін.
Ал айырмашылықты мемлекет өтейді, — деді кәсіпорын директоры.

«Даму» қорымен дамудың даңғыл жолына түскен келесі кәсіпкеріміз — Виктория Тутушина.

«Тутушина В.Е.» ЖК-нің басшысы 2014 жылдан бастап «Next» тіл мектебін ашып, негізгі білім беру қызметімен қатар, 6 жастан 45 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге ағылшын тілін оқытуда. Бүгінгі күні аталмыш орталықта 250-ге жуық тұрақты оқушылар бар. Штатта 7 оқытушы және бір әкімші қызмет етеді. Биыл компания «Forte Bank» АҚ арқылы 50 млн теңге көлемінде қарыз қаражатына өз ғимаратын сатып алды, «Даму» қоры 18 млн теңге көлемінде кепілгер болды.

Иә, кәсіппен айналысамын деген азаматтарға түрлі мемле-кеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы қолдау көрсе-тілуде. Соның негізінде облыс кәсіпкерлеріне жеңілдетілген пайызбен несиелерге, өзге де қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндіктер жетерлік. Қай жағынан алып қарасақ, қор қолдауының ұтымды тұстары баршылық. Тек соны белгіленген заң аясында, үлкен сеніммен, табандылықпен іске асыра білу қажет. Ал ондай іскер адамдар біздің аймақта баршылық.

А.МҰҚЫШЕВ.