Жыл басынан бері облыс бойынша экология заңнамасының сақталуына қатысты жоспарға сәйкес 10-ға жуық тексеру жүргізлді. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында облыстағы 70 кәсіпкерлік субъектілері тексеріліп, экологиялық заңнаманың талаптарын бұзудың 98 жағадайы анықталды. Бақылау нәтижелері бойынша 4 млн теңгеден астам сомаға 47 әкімшілік айыппұл салынды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары, Павлодар облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Әсет Сыздықов ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында профилактикалық бақылаудың бекітілген тізімі шеңберінде 8 субъектіге тексеру жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті. Оның ішінде «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС, «Павлодар Құс» ӨК» ЖШС және басқа ірі кәсіпорындар бар. Барлық жоспарланған тексерістер толық көлемде жүргізілді. Ал екінші жартыжылдықта 8 субъектіні тексеру жоспарланған.
— 2024 жылы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрықтарымен бірінші және екінші жартыжылдықтар бойынша бақылау субъектілерін аралау арқылы профилактикалық бақылау тізімдері, сондай-ақ, 2024 жылы талаптарды сақтау бойынша сәйкестілікті тексеру үшін тексерістер кестесі бекітілді. 2024 жылдың 9 айында 70 кәсіпкерлік субъектілері тексеріліп, нәтижесінде экологиялық заңнаманың талаптарын бұзудың 98 жағадайы анықталды. Бақылау нәтижелері бойынша 4 млн теңгеден астам сомаға 47 әкімшілік айыппұл салынды. Олардың ішінде 43 айыппұл бойынша 21 млн теңге өндірілді, тағы 4 айыппұл бойынша орындау жұмыстары жүргізілуде. Департамент бұзушылықтарды жою бойынша 39 ұйғарым шығарды, бүгінгі күні олардың 25-і орындалды, — деді Ә.Сыздықов
Айта кетейік, бұзушылықтардың ішінде маңыздылары рұқсат қағаздарының сәйкес болмауы екені анықталды. Атап айтқанда, «Ақсу ферроқорытпалар зауыты» АҚ және «Құрылыс материалдары зауыты» ЖШС экологиялық рұқсат қағаздарының болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Павлодар облысының аумағында 15 кәсіпорын автоматтандырылған мониторинг жүйелерін (АМЖ) орнатуға міндеттелді. Қазіргі таңда 10 кәсіпорын бұл жүйелерді орнатты, олардың 3-і деректерді аударумен бірге ақпараттық жүйеге қосылды, 5 кәсіпорын қосу кезеңінде тұр, 1 кәсіпорын – тестілеу режимінде.
— Автоматтандырылған мониторинг жүйелерін орнату талаптарын сақтамағаны үшін департамент өкілдерімен 6 объектіге 2 млн теңгеге әкімшілік шектеулер салынды. Бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Сонымен қатар, ғарыштық мониторинг бойынша облыс аумағында 205 рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары, сондай-ақ, рұқсат берілген полигонның шекаралары бұзылған 74 қоқыс алаңы анық-талды. Бұл ретте 80 рейдтік іс-шара жүргізіліп, заңсыз қоқыс алаңдарының бәрі жойылғанын айта кетейік. Бұдан басқа, ағымдағы жылы ауылдық округтердің әкімдері 186 рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жойды, бұл барлық анықталған бұзушылықтардың 93 пайызын құрайды, — деді ол.
А.МҰҚЫШЕВ.