«Бәрі де — жеңіс үшін, бәрі де — майдан үшін!»

Мам 15, 2025

Соғыстың алғашқы күнінен бастап, біздің облыс майданның қуатты тірегіне айналды. Бұл, әсіресе, жау қолында қалған, өндірістік қуаты көшірілген қалалардың, Кеңестер Одағының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының жалпыодақтық экономикаға қосар үлесін толықтыру үшін қажет болды. Сөйтіп, қарбалас кезеңнің өзінде бұрыннан бізге бейтаныс өндірістерді игеріп, экономиканың жаңа салаларын жолға қою сияқты міндеттер жүктелді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Павлодар өңірінен әскер қатарына облыстан 40 486 адам жөнелтілді. Ең көп жөнелтілу 1941 жылдың екінші жартысында (15 144 адам) және 1942 жылы (12404 адам) болды. Майдандағы адам шығыны 21830-ды құрады. Ең ауыр кезеңдер 1942 мен 1943 жылдарына тиесілі. Павлодарлықтар соғыстың ауыр майдандарына қатысты. Олардың 10 мыңға жуығы соғыс наградаларына ие болды. 23 павлодарлық Кеңес Одағының батыры атағын алса, 8 адам «Даңқ»
орденінің толық кавалері атанды.

Павлодар облысының еңбек-шілері де жауды  жеңу үшін айтарлықтай үлес қосты және әскери кезеңнің қиыншылықтары оларға тимей өтпеді. Соғыс көптеген ауыртпалық әкелді. Ең қажет заттардың жетіспеушілігі
бұл азық-түлік, киім болды. Отанды қорғауға кеткен ерлерді кәсіпорындарда әйелдер, қарттар мен балалар алмастырды.

Соғыстың бірінші күндерінен бастап, облыстың кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы әскери тәртіпке көшірілді. 1941 жылы 10–11 желтоқсанда Павлодар қала-
сында «Әскери тәртіпке кеңес органдарының жұмыстарын көшіру
барысы туралы» Павлодар облы-
сының еңбек етуші Кеңес депутат-тарының бесінші сессиясы өтті.

Аймақта өндіріс кәсіпорын-дарының саны артты. Әсіресе, 1942 жылы көбейе бастады.  Жаңа кәсіпорындардың көп бөлігі тұрмыстық бағыттағы халық тұтынатын тауарларды өндіретін өнеркәсіп кәсіпорындары еді. Сондай-ақ, сабаннан қағаз, ағаш тағанды аяқ киім, сазбалшық ыдыс және т.б. өндіріс қалпына келтірілді. Тұрмыстық бұйымдар түрі 100 атауға дейін өсті. Республикалық және одақтық маңызы бар кәсіпорындарда елеулі өзгерістер орын алды.

1941 жылдың соңы мен 1942 жылдың басында Павлодарға жөндеу-механикалық шеберханалары, жүн фабрикасының жабдығы әкелінді. Кен кәсіпорындары да дамыды. Олардың қатарында «Павлодарсоль» тресі, Шөптікөл көмір шахтасы, Екібастұз және Жамантұз көмір орындары болды. Ал «Майкайыңалтын» комбинаты елде үшінші орынға шықты. 1945 жылы облыста одақтық және республикалық маңызы бар 80 кәсіпорын мен 700 облыстық және жергілікті деңгейдегі кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Кәсіпорындарға әйелдер, жасөспірімдер келді. Олар тапсырмаларды асыра орындап отырды.

1941 жылдың 19 қарашасында Павлодар облыстық атқару комитеті және Павлодар партиясының облыстық комитеті бюросының Жарлығымен Павлодар қаласында КСРО хабарлама жолдары Нарко-
мының «Мостострой» Тул орталық жөндеу-механикалық шебер-хананың трестері орналасты. Ал
5 желтоқсанда шеберханалар жұмыс істеуді бастайтыны жобаланды.

1941 жылы 16 қарашада Украинаның Харьков қаласынан Павлодар қаласына тон фабрикасы көшіріп әкелінді. Фабрика пайдалануға 1941 жылы 25 желтоқсанда берілді, бірақ толық жұмысты 1942 жылы 10 қаңтарда бастады. Мұнда Қызыл әскер жауынгерлері үшін тондар, шолақ тондар, тері көкірекшелер, құлақшы бөріктер, қолғаптар секілді киімдер шығарылды.

Ауыл еңбекшілерінің қажырлы еңбегі мен патриоттық икемдеудің арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында облыс аудандарында астықтың жалпы жиыны көбейіп, ауылшаруашылық және малдың өнімділігі ұлғайды. Әйелдер, қарттар, 12–13 жастағы жасөспірімдер соғыс жылдарында өндірісте зор үлес қосты. Тек Павлодар облысында колхоздар мен совхоздарға 1942 жылы жұмысқа  8 555 әйел жіберілді. Бұл барлық жұмылдырылғанның жартысынан көбін құрды.

1941 жылы 7 шілдеде «Трактор, комбайн және автокөліктерде жұмыс істеу үшін әйелдерді дайындау туралы» Қазақ КСР Халық комиссарлық кеңесі және Қазақстан ОК Қаулысы қабылданды. Сол Қаулыда Қызыл әскерге шақырылған ер адамдарды алмастыру үшін тракторшы, жүргізуші және комбайншы әйелдердің қорының қажеттігін құру мақсаттылығы туралы айтылған. Әйелдер жаңа кәсіпке ие болу маңыздылығын жақсы түсінді. Содан кейін өнеркәсіп мекемелерінде, республика ұйымдарындағы жұмысы үшін білікті әйел жұмысшыларын дайындау туралы Қаулысы шықты. Қазақстан К(б)П Максим Горьковский аудан комитетінің хатшысы Хусаин Омаров былай жазған: «Қазір қоғамдық еңбекке қатыспаған бірде-бір колхозшы жоқ. Ер адамдарды алмастырған әйелдер жұмыстың маңызды бөлігін орындайды. Мысалы, Сахит Ахметова ТСФ және ЖТФ меңгерушісінің міндеттерін орындайды, мал басы мен өнімнің шығу есебін өзі жүргізеді. Әйелдер барлық жерде өз еңбегімен жұмыстың үлгілерін көрсетеді. Барлық колхозшылар қазіргі жағдайдың қиындығын түсінеді. Біздің жеңісіміз майданда ғана емес,
тылда да жасалатынын білеміз».

Соғыс жылдары Ертістің Павлодар өңірі Кавказдан көшіп келген тұрғындармен, Поволжья немістерімен толықты. Қиындыққа қарамастан, көшіп келген адамдар облыстан өз орнын тапты, жергілікті тұрғындармен тіл табысып кетті. Соғыс техникасын құру үшін мемлекеттік берешекке облыс тұрғындары 4 соғыс жылы ішінде 202 млн рубль енгізді. Павлодарлықтар майданға жылы киімдері бар 104 вагон жөнелтті. Жауынгерлер, қаза болғандар отбасына көмек көрсетті. Ауыр соғыс жылдарында облыс тұрғындары елжандылық пен қайсарлық, адамгершілік пен төзімділік таныта білді.

Павлодар облыстық мемлекеттік архиві ұсынған мәліметтер бойынша әзірленді.