2024 жылдан бастап елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениет тұжырымдамасы іске асырылып келеді. Бұл бастама — қоғамда экологиялық ойлау мен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Аталған тұжырымдама аясында Павлодар облысында да ауқымды жұмыстар атқарылып, тұрғындардың белсенділігі жылдан-жылға артып келеді.
Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде ұйымдастырылған экологиялық іс-шараларға 329 мыңнан астам адам мен 40 мыңнан астам кәсіпорын қатысқан. Павлодар облысында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған 2024–2029 жылдарға арналған өңірлік жоспар үш негізгі бағытты қамтиды: экологиялық ойлау мен мінез-құлық қалыптастыру, экологиялық білім беру, сондай-ақ экологиялық ағарту және ақпараттық жұмыс.
— Жалпы саны 44 іс-шарадан тұратын жоспардың 38-і ұзақмер-зімді сипатқа ие. 2025 жылға жоспарланған барлық шаралар толық орындалып, 2026 жылы 34 іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға мемле-кеттік мекемелермен қатар, бизнес құрылымдар, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар белсенді тартылған, —
деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Әлішер Теміртас.
Өңірде жыл сайын түрлі форматтағы экологиялық акциялар мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олардың қатарында «Таза Қазақстан», «World Clean-up Day», «Парктер шеруі» сияқты акциялар мен «Үлгілі ауыл», «Парыз», «ProEco», «Мен зерттеушімін» секілді байқаулар бар. Мәселен, жуырда Павлодар қаласынынң жағалауында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Парктер шеруі» атты экологиялық акция өтті. Іс-шараға «Ертіс орманы» табиғи резерватының мамандары қатысты. Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың назарын табиғатты қорғау мәсе-лелеріне аудару және жастарға табиғатты қалай қорғау керек екенін көрсету. Шара барысында бірнеше тақырыптық алаң жұмыс істеді. Қатысушыларға өңірдің флорасы мен фаунасы, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, фототұзақтар және дрондардың көмегімен орман жануарларын бақылау тәсілдері таныстырылды. Көрме аясында «Шалдай» қара-ғайлы орманынан шабыт алған суретшілердің жұмыстары ұсы-
нылды. Ал балалар арнайы ұйымдастырылған алаңда құс ұяларын бояп, шығармашылықпен айна-лысты. Бұдан бөлек, келушілер табиғи шөптерден дайындалған шай түрлерінен дәм татып, оны сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған шай өнімдерін Аққулы ауданындағы мектеп оқушылары орманнан жиналған шөптер мен жидектерден дайындаған.
«Таза Қазақстан» жобасына жастар мен еріктілер де белсенді түрде атсалысуда. Әсіресе, волонтерлік ұйымдардың рөлі ерекше. 2025 жылы осы бағытта шағын гранттар конкурсы ұйым-дастырылып, бес аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан «Қызыл жарты ай» қоғамының облыстық филиалы және басқа да бастамашыл топтар өз жобаларын сәтті жүзеге асырды.
2026 жылдың көктем-жаз айларына бірқатар іс-шара жоспарланған. Атап айтқанда, «Eco Cinema Night» көрсетілімі, «Таза аула» акциясы, «Eco-білім» зияткерлік ойыны, «Таза Қазақстан –
таза болашақ» флешмобы, «Эко-RUN» жарысы, «Таза жағалау» акциясы және «Эко-Серпін» квесі жастарды табиғатты қорғауға жұмылдыруды көздейді.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл сайын сәуір айынан бастап елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстары да жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер ұйымдар қыс мезгілінен кейінгі тазалық жұмыстарын жалғастырып, жол белгілерін, аялдамаларды жуып, қоршауларды бояу, саябақтар мен алаңдарды ретке келтіру жұмыстарын атқаруда.
— Экология министрлігінің ұсынысымен биыл 18–25 сәуір аралы-ғында «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ», «Таза су айдындары» акциялары өтеді. Сонымен қатар, ағаш отырғызу және халықа-ралық «World Clean Up» акциясы да ұйымдастырылмақ. Өңірде экологиялық мәселелерді жедел шешу мақсатында «Таза Қазақстан» Telegram-боты іске қосылған. Бүгінгі таңда аталған платформа арқылы 541 өтінім түсіп, олардың барлығы орындалды. Тұрғындар көбінесе абаттандыру мен қоқыс шығару мәселелері бойынша өтініш қалдырған. Сонымен қатар, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту, елді мекендерді көгалдандыру, велосипед инфрақұрылымын жетіл-діру, электркөліктеріне арналған зарядтау станцияларын орнату бағытында да жұмыстар атқарылуда, — деді Әлішер Теміртас.
Павлодар облысында эколо-гиялық білім беру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Павлодар облысының білім беру басқармасы жыл сайын «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы», «ProEko» конкурстары, «Табиғатты аяла» форумын ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, экологиялық бағыттағы №36 жалпы орта білім беретін бейіндік мектеп жұмыс істеуде. Павлодар қаласының №3 бөбекжай-бақшасы–мектепке дейінгі экоорталығы базасында мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы пәндік-кеңістіктік орта құрылған.
Жалпы алғанда, жыл сайын шамамен 300 мыңға жуық адамды қамтитын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Нұрайым ҚАЛЫБЕК.
