Салт-дәстүрді сақтаған

Қыр 3, 2026

Павлодарда жыл сайын отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық   конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Ортасына үлгі боларлық отбасыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі ақ дастархан басында өткізілді.

Аталған сайыс өңірімізде тұрақты өткізіліп келе жатқан-дықтан, әр жыл сайын қатысу-шылардың да легі артуда. Алдымен ауылдық, аудандық іріктеуден өткен отбасылар облыстық кезеңде бас қосты. Отбасылардың сайыстық жұмыстарын әртүрлі сала мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бағалады. Мәселен, әр қатысушыға өз жанұясы жайлы бейнематериал әзірлеу тапсырылған. Бұған қоса, отбасы мүшелерінің ортақ портфолиосы талап етілген. Қатысушылар ішінде орман-шылар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, мәдениет, білім, өнеркәсіп саласының қызмет-керлері бар.

— Мұндағы басты мақсатымыз – қоғамға үлгі болатын жанұялардың бірлігін нығайту. Конкурсқа барлығы 170-тен астам отбасы өтінім білдірген. Іріктеу нәти-желеріне сай облыстық кезеңге 13 әулет жолдама алған. Олардың барлығы марапаттау рәсіміде бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Жүлделі орын алған жанұяларға ақшалай сыйақы берілсе, өзге қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Ал бас жүлде иегер-лері облысымыздың намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады, — дейді Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Раисова.

2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан сайыс бүгінде өңіріміздегі салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін, талантты ұрпақ тәрбиелеп отырған, айналасына мейірім көрсетіп келе жатқан көпетеген жанұяның басын қосқан.

Жүздеген әулеттің ішінен топ жарып, облыстық кезеңде бас жүлдені 44 жыл бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан Ақтоғай ауданының Кенжебаевтар әулеті иеленді. Жеңімпаздарға облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова арнайы жүлделерді  табыстап, жылы лебізін білдірді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Берік отбасы – табысты әрі мықты қоғамның іргетасы» деп әрдайым атап өтеді. Отбасы — ол әр адам үшін дүниедегі ең қастелі ұғым. Ол — мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен жауапкершіліктің, тәрбие мен өнегенің алтын бесігі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын, — деді ол.

Кенжебаеватар әулетінің отағасы Бектемір жүргізушілік қызмет атқарған. Шайза апа-
мыздың мектеп өміріне еңбегі сіңген. Қазірде екеуі де зейнет жасында. Алайда, жұбайлардың бүгінде екі қолын қусырып бос отырған жоқ. Олар өздеріне жаңа табыстың көзін ашқан.

— Бұл сайысқа ерекше дайындықты қажет етпедік. Жай ғана күнделікті өмірде істейтін жұмысымызды көрсеттік. Қарапайым өмірімізде салт-дәстүрді де берік ұстанамыз. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр болғандықтан, балала-
рымызға да осы жолдан айны-мауды жиі айтып отырамыз. Немерелерімізен жиі уақыт өткі-зуге тырысамыз. Әр демалыста отбасымыздың басын қосып, жиналып отырамыз. Балаларымыз да — әр саланың мамандары. Еңбектен шеткері қалмау үшін өзіміз де кішігірім дүкен ашып алдық, — дейі Бектемір Кенжебаев.

Дәл мұндай отбасылық сайыстар қоғамға үлгілі жанұялардың көп екенін дәріптеуге әрі олардың өзара бірлігін нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.

Сара ӘБДОЛ.
Суреттерді түсірген — Есенжол Исабек.