Кеңестер беріліп келеді

Қаз 23, 2026

Әлеуметтік қорғау саласында да «Заң мен тәртіп» идеологиясы бойынша жыл басынан бері тұрақты түрде бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған қатысушыларға құқықтық қауіпсіздік тақырыптары бойынша кеңестер беріліп келеді.

Ал мәдениет мекемелерінде құқықтық мәдениетті насихаттау мақсатында арнайы қойылымдар көрсетілуде. Мысалы, сәуір айында Чехов атындағы облыстық драма театрында «Чиновник» спектаклі қойылып, оны 300-ден астам көрермен тамашалаған. Жыл бойы музейлерде «Заңды орта» көрмелері, дөңгелек үстелдер, кітапханаларда «Заң мен тәртіп –
қауіпсіздік кепілі» арнайы кітап көрмелері өтуде. Сонымен қатар, қыркүйек айында «Ертіс Променад» сахнасында ұсынылған «Отан Ана» атты «Самиян» вокалдық тобының шығармашылық кешінде де заң мен тәртіп құндылықтарын мәдениет пен өнер арқылы насихаттауға ерекше мән берілген.

Нұржайна Шодыр.