Тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясын, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда визуалды бейне арқылы көрнекілікті арттыру бағытында «Тәртіпбек» арнайы маскоты әзірленгенін айрықша атап өткен жөн.
– Биыл жыл соңында, яғни желтоқсан айында «Заң мен тәртіп» идеологиясы бағытында жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде және алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындау мақсатында «Заң.Kz» форумы өтетін болады. Осы шара құқықтық және құқық қорғау саласының басты қорытынды алаңы болмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғасын таба береді.
Бастысы, облысымызда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға барлық басқарма, қала мен аудан әкімдіктері белсенді үн қосуда, – деді Жаннұр Ахметжанова. Сондай-ақ, ол ендігі кезекте профилактикалық іс-шараларды тереңдетуге, амбассадорлар институтын нығайтуға, медиа кеңістіктегі ақпараттар аясын кеңейтуге және өңірдегі әр тұрғынының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.
Н.Шодыр.
