Өңірлерде еріктілердің қажеттіліктері мен құқықтары талқыланады. Мамандар еріктілермен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретеді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық еріктілер желісінің» атқарушы директоры Татьяна Миронюк мәлімдеді.
— Бұл екі күндік семинар болады. Бірінші күні біз мемлекеттік органдардың өкіл-дерімен кездесіп, оларға еріктілермен қарым-қатынас орна-тудың құпияларын айтамыз. Волонтерлік ұйымдармен тығыз байланыста болатын білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары өкілдерінің дұрыс өзара іс-қимыл жасау дағдыларын үйретеміз, — дейді ол. Cондай-ақ, 17 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада «Birgemiz: áreketöaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру жобасы бойынша іс-шаралар мен кездесулер өтеді. Ұйымдастырушылар бұл елдегі волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын құруға көмектеседі деп санайды. Соңғы рет стандарттар 2020 жылы шығарылды. Бірақ олар әдістемелік құралдарға ұқсас болды.
— Біз кейстерді жинап, стандарттарды одан әрі дамытамыз. Олар 2024-2027 жылдардағы Жол картасына кіреді деп үміттенеміз. Тәжірибе мен ақпарат алу үшін қалаларға барамыз, — деп түсіндірді Т.Миронюк. Павлодарда ұйымдасты-рылған екі күндік мастер-класс 15-16 қыркүйекте Жастар бастамалары орталығында өтті. Бірінші күні сарапшылар мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін болады. Ал екінші күні оларды тыңдау үшін еріктілер ұйымдарымен және отрядтармен кездесті. Айта кетейік, елімізде 600-ге жуық волонтерлік ұйым және 200 мыңнан астам ерікті бар. Жыл сайын олардың саны артып келеді. Алайда 80 пайызы ресми түрде тіркелмеген.
Өз тілшіміз.