Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың офтальмологиялық орталығы көз жарақатын алған науқастарға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Орталықта жыл сайын бір ғана катарактаны емдеу үшін үш мыңға жуық операция жасалады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-офтальмолог, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы штаттан тыс офтальмологы Қасымхан Тілеубаев орталықтың даму бағыттары туралы айтты. Офтальмологиялық орталықтың консультативтік-диагностикалық бөлімшесі көру органының ауруларын толық диагностикалауға, лазерлік және хирургиялық емдеуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық аппаратурамен жабдықталған. Қасымхан Тілеубаевтың айтуынша, мұнда шағын операция бөлмесінде көру органының патологиясы бар пациенттерге шұғыл және жоспарлы микрохирургиялық оталар жасалады. Көру органы аппаратында операциялардың барлық түрлері, оптикалық-реконструктивті операциялар, окулопластика, амбулаториялық араласудың барлық түрлері, жараларды қайта қарау және жараны алғашқы хирургиялық емдеу, көру органының зақымдануымен енетін жараларды жою, бөгде денелерді (магниттік, амагниттік) жою, ісіктерді жою – қатерсіз және қатерлі, көру органының дегенеративті ауруларына операция жасалады.
– Орталықта оптикалық когерентті томограф, лазерлік хирургия және циклоскопия кабинеті, жаңа офтальмологиялық ультрадыбыстық аппарат, жанаспайтын пневмотонометр, автокераторефрактометр, компьютерлік периметрлер, офтальмоскоптар саңылаулы шамдармен жабдықталған. Офтальмологиялық орталықтың операциялық бөлмелері «Infiniti», «Stellaris», «Constellation» сияқты заманауи микрохирургиялық жүйелермен жабдықталған, — деді Қ.Тілеубаев. Бүгінгі таңда көзді диагностикалау және лазерлік емдеу офтальмологияда өте белсенді дамып келеді. Мұнда жарақатсыз диагностикалық тексеру мен лазерлік емдеуді барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін Германия, Жапония және Австралияда шығарылған заманауи Carl Zeiss, Еllex Tango және LightMed 577 лазерлік қондырғысы орнатылған. Бұл құрылғылар көз ауруларын инвазивті емес лазерлік емдеуге арналған. Павлодар – Солтүстік-Шығыс өңіріндегі көз жанарына күрделі операциялар жүргізілетін жалғыз қала. Орталықта жылына 400-500 ота жасалады. Егер бұрын күрделі патологиясы бар пациенттерге елдің және жақын және алыс шетелдердің жетекші көз орталықтарына бару қажеттілігі туындаса, бүгінгі күні МӘМС және ТМККК шеңберінде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада жоғары мамандандырылған көмек көмек көрсетуге толық мүмкіндік бар. 2022 жылдан бастап офталь-мологиялық орталықта окулопластика енгізілген. Бұл көздің қосалқы аппаратының ақаулары бар операциялар, көз жасы аппаратына операциялар, опти-кореконструктивті операциялар, эстетикалық хирургия жүргізіледі. Офтальмологиялық орталықтың мамандары жыл сайын алыс-жақын шет елдерде білімдерін жетілдіріп, ТМД, Еуропа және Азия елдеріндегі халықаралық конференцияларға белсенді қатысып біліктіліктерін арттырады. Жыл сайын көз базасында Қазақстанның жетекші мамандары мен шетелдік әріптестердің қатысуымен конференциялар мен шеберлік сабақтар ұйым-дастырылады. Мәселен, былтыр «Витреоретинальды хирургия бойынша шеберлік сабағы» өткізіліп, офтальмолог дәрігерлер өзара тәжірибе алмасқан. Түркияның «Acıbadem Mehmet Ali Aydınlar University» медициналық орталығының профессоры Ersanli Dilaver және Алматы қаласындағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлімшесінің меңгерушісі Лұқпан Оразбеков көруді қалпына келтіру жөніндегі тәжірибелерімен бөліскен. Сондай-ақ, биыл Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмология бөлімшесінде Ресейден келген тәжірибелі мамандар және Қазақстан офтальмологтар қоғамының Вице-президенті К.Урих аурухананың офтальмологтары үшін глаукоманы емдеуде «CYCLO G6» микроимпульсті лазерлік жүйесін пайдалану бойынша шеберлік сабағын өткізген. Алдағы уақытта орталыққа осы қондырғымен қатар рефракциялық хирургия мен кератопластикаға арналған жабдықты сатып алып, витреоретинальды хирургия мен окулопластиканы дамыту жоспарланып отыр.
Т.ӘБІЛДА.