Биыл Павлодар облысының кардиологиялық орталығының ашылғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында мұнда 20 мыңнан астам ота жасалып, 46 мыңға жуық науқас емделген. Облыстың кардиология қызметі республикадағы озық қызмет көрсетуші медициналық мекемелер қатарына кіреді. Ал жүргізілетін операциялардың күрделілігінің 7 деңгейінен мұнда 6 деңгей іске асырылады.
Атаулы күнге орай Ресей, Армения, Сербия және Қазақстаннан кардио-хирургия және интервенциялық кардиологияның жетекші мамандарының қатысуымен ғылыми-тәжіри-белік конференция ұйымдастырылды.
Шара аясында кардиохирургияның операциялық бөлімшелерінде 7 бірегей ота жүргізілді. Оның үшеуі кардиохирургия желісі бойынша жасалды. Олардың ішінде жасанды протездерді қолданбай, өз тіндерінен жасау арқылы клапанды протездеу бар. Бұл пациенттің клапанды сатып алуға қаржылық шығынын үнемдейді. Сондай-ақ, қолжетімділікті өзгерту операциясы жасалды.
Хирургиялық араласу кішігірім кесу арқылы аз инвазивті әдіспен жүзеге асырылады. Бұрын бұл операция дәстүрлі түрде үлкен кесу, сондай-ақ сүйектерді кесу арқылы жасалды. Ал осы жолғы әдіс жұмсақ және қалпына келтіру кезеңін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Келесі 6-деңгейдегі «Дэвид операциясы» қолқа тамырының өсіп келе жатқан бөлігін кеңейту арқылы протездеусіз жарамсыз болған клапан сақталады.
— Біздің кардиохирургиялық қызмет тек біздің өңірде ғана емес, бүкіл республикада жаңашыл болып саналады. Соңғы уақытта біз аз инвазивті операциялық араласуларды енгізіп, симуляциялық операцияларды жүргізіп жатырмыз. Яғни, өкпе ісігі мен жүрек патологиясы болған кездегі операциялар қолға алынды. Біз науқасты басқа емдеу мекемесіне жібермеу және операцияны қайта жасамау үшін бір қадаммен екі операция жасаймыз, — дейді орталық директоры Гүлжанат Жақова.
Облыстың бас кардиохирургының айтуынша, орталықта жұмысқа берілген адамдар қызмет етеді. Олар – кез келген уақытта көмекке келуге дайын өз ісінің мамандары. Бүгінде мұнда 598 қызметкер жұмыс істейді, оның 80 пайызы орталық құрылған күннен бастап еңбек етіп келеді.
Торғын ОРАЗАЛЫ.