Павлодарлық шаруаларға 27 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінеді. Бұл — көктемгі дала жұмыстары кезінде пайдаланылатын көлем.
Бүгінгі таңда 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндіруші-леріне арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдануда. 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 27,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
— Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 276 256 теңгені немесе литріне 232 теңгені құрайды. Өтінімдер басқарманың электрондық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61, 4-қабат, 409-кабинет бойынша қабылданады. Сондай-ақ, құжаттаманы электронды түрде USB флэш-дискісінде ұсыну қажет. Басқарманың электронды мекенжайы -«kense.dsh@pavlodar.gov.kz», — деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жұмыс органы өтінімді қабылдамайды.
Өз тілшіміз.