Екпе салу екпін алмақ

Нау 7, 2025

Облыстың ветерина-риялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы екпе салу, диагностикалау, төлдерді бірдейлендіру жұмыстары атқарылады. Төрт түлікті вакцинация-лау жұмыстары малдың жайылымға шығатын және қолға ұстайтын уақытында, яғни, көктем мен күзде жүргізіледі. Биыл ірі қара малдың жұқпалы ауру арқалап, түрлі кеселге тап болу жағдайы тіркелді ме? Өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты ма? Ендеше, мал шаруа-шылығының маңызды кезеңі, төңіректегі төрт түліктің «тағдырына» тоқтала кетейік…

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар

Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бруцеллезге қарсы диагностикалық зерттеулер аясында өңірдің барлық ауданында ірі қара мен ұсақ малдарға екпе жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бруцеллезге 552 мыңнан астам ірі қара мал зерттелді. Оның ішінде 2 043 бастан мал ауруы табылды. Сондай-ақ, 659 мың ұсақ мал зерттеліп, оның 126 басы дертке шалдыққаны анықталды.

— Қосымша диагностикалық зерттеулер шеңберінде 21 631 мал қанының сынамасы іріктеліп, зертханаға жеткізілді. Оның ішінде 13 993 ірі қара мал және 7 638 ұсақ мал зерттеліп, 301 ірі қара малдан және 158 ұсақ малдан ауру табылды. Ошақта сауықтыру іс-шараларын жүргізу кезінде 588 бас ІҚМ зерттеліп, оның ішінде 20 бас ауру жануарлар анықталды. Атап айтқанда, өңір аумағында 2024 жылы ІҚМ бруцеллезі бойынша 7 қолайсыз жағдай тіркелген. Оның алтауы Баянауыл ауданында, біреуі Екібастұз қаласында анықталды, — деді баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, былтыр облыс бойынша жалпы саны 2 648 бас ауру жануар анықталды. Оның ішінде 2 364 ірі қара мал және 284 ұсақ мал бар. Барлық ауру жануарлар ет өңдеу кәсіпорында-рына санитарлық союға жіберілді. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы 100 пайызды құрады. Ал ағымдағы жылы 542 мың бас ІҚМ және 673 мың бас ұсақ малды зерттеу жоспарланған. Іс-шаралар наурыз айында басталады.

— 2024 жылдың қорытындысы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 8,7 млн манипуляция жүргізілді, оның ішінде жануарлардың 11 аса қауіпті ауруына қарсы 8,2 млн манипуляция, туберкулезге және сап ауруына қарсы 415,8 мың аллергиялық зерттеулер жүргізілді. Ағымдағы жылы жоспар бойынша 6,2 млн манипуляция жүргізу көзделген, оның ішінде 6 миллионы жануарлардың 11 аса қауіпті ауруларына (сібір жарасы, құтыру, аусыл, қарасан, ринопневмония, нодулярлық дерматит, инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея, құстардың жоғары патогенді тұмауы, ньюкасл ауруы) қарсы жануарларды вакциналау, 178,7 мың туберкулезге аллергиялық зерттеулер жүргізу көзделген. Барлық ветеринарлық препараттар – ішкі температураны бақылауда ұстайтын аспаптармен жабдықталған 149 тоңазытқыш камерасымен және 220 термочемоданмен қамтамасыз етілген, — деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Бірдейлендіру қалай жүзеге асырылады?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, барлық ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде бірдейлендіруге жатады. Бұл дегеніміз жеке нөмір беру, дерекқорға деректерді енгізу процедураларын қамтиды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету аясында ветеринарлық төлқұжат алуға мүмкіндік береді.

Облыста ірі қара мен ұсақ малды бірдейлендіру жұмыстары мал иелерінің өтінімдері бойынша тегін сырғалау әдісімен жүзеге асырылады. Жылқылар чиптеу ақылы бірдейлендіріледі. Бұл ретте жылқыны чиптеу жұмыстарына мал иелері қажетті материалдардың құнын төлейді. Ал ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдерін сәйкестендіру жұмыстары АШМ министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашы-лығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. Нақтылап өтсек, ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлі 14 күннен кешіктірілмей сәйкестендіріледі. Оның ішінде бұзау, қозы, бота, лақ – туған күнінен бастап 7 күн өткеннен кейін, құлындар 4 айдан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап 7 күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде) жүзеге асырылады.

— Жануарларды есепке қою үшін облыс тұрғындары ауылдық округтердің ветеринарлық пункт-теріне жүгінуі керек. Әрбір жану-арға бірегей нөмір беріледі, ал оның деректері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне енгізіледі. ҚР-сының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес мал иелері жануарларды бірдейлендіруді қамтамасыз етуге және ветеринарлық органдарды жануарларды сатып алу, төл алу, сою және сату туралы хабардар етуге міндетті, — деді ветеринария басқармасында.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 526 мың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары жоспарлануда. Оның ішінде ІҚМ – 157 мың бас, ұсақ мал – 195,3 мың бас, жылқы – 46,3 мың бас және түйе – 18 бас. Қазіргі уақытта сәйкестендіру бойынша іс-шараларды өткізуге арналған құлақ белгілерінің толық көлемі бар.

Алтынбек МҰҚЫШЕВ.