Облыста соңғы 2 жылда ауыл шаруа-шылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 290 млрд теңгені құрап, республика бойынша екінші орынға ие болды. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 7,6 пайызға өсіп, 26,5 млрд теңгеге жетті.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Шүкірова агроөнеркәсіп саласында 2026 жылға дейін құны 130 млрд теңгеге 65 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылғанын мәлім етті. Айтуынша, ағымдағыжылы 56,4 млрд теңге сомасына 35 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
— Бүгінгі таңда 3 жоба іске асырылды. Оның ішінде Ақкөл аулында «Дәнекер» шаруа қожалығы 10,5 мың тоннаға және Екібастұз қаласы «КронАгро» ЖШС 9,6 мың тоннаға көкөніс қоймалары салынып, Ақтоғай ауданында 374 гектар алаңда «Молочное село» ФҚ суармалы учаскесі іске қосылды. Сонымен бірге, Ақсу қаласында 2025 жылы «Chips Asia» ЖШС картоп чипсыларын шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба басымдықтардың қатарына енді. Бүгінгі таңда кәсіпорын болашақ зауытқа жер телімін рәсімдеумен айналысуда. Бұл жобаға қатысып отырған «Ақтоғай-Агро» компаниясы өткен жылы чипсы өндіруге жарамды
9 мың тонна «фонтане» картобын тәжірибе жүзінде өсірді. Болашақ кәсіпорынның жоспарланған қайта өңдеу қуаттылығы 20 мың тонна шикізатты құрайды, – деді С.Шүкірова.
Сонымен қатар, басқарма өкілі Павлодар облысында 2024 жылы жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы төрт жобаны іске асыру жоспарланғанын айтты. Чипсы өндірісімен қатар мамандар Шарбақты ауданы мен Ақсу ауылдық аймағында майлы дақылдарды қайта өңдеу және өсімдік майын шығару жобасын әзірлеуде. Олардың іске қосылуы 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылатын жобалар 4 негізгі бағыт бойынша таңдалады. Оның ішінде сүт өндіру ісі. Бүгінде құны 28,4 млрд теңге сомасына 5,1 мың басқа 6 тауарлы сүт фермасын іске асыру үшін 800 бас импорттық ірі қара мал әкелінді. Екіншісі — суармалы жерлерді енгізу.
Қазіргі уақытта 10,6 мың гектар алаңда суару бойынша 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл бағытта жалпы 20-дан астам жаңбырлатқыш машина сатып алынды, 7,5 млрд теңге инвес-тиция салынды. Үшіншісі — ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау. Бұл бағытта сыйымдылығы
88,7 мың тоннаға 10 көкөніс қоймасының құры-лысы басталды. Төртінші — ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.