Мал саулығы – басты назарда

Нау 12, 2026

Өңірімізде мал шаруашылығындағы көктемгі профилактикалық жұмыстар басталды. Төрт түлікті жайылымға шығармас бұрын қауіпсіздік шараларын екпе салудан бастаған жөн дейді мамандар. Ақпан айынан басталған ветеринарлық іс-шаралардың мән-жайын Павлодар облыстық ветеринария басқарма басшысының орынбасары Ғалым Бейсенов айтып берді.

— Өңірдегі эпизоотиялық жағдай қандай? Екпе препараттары жеткілікті ме?

— Аймағымызда жабайы жануарлар қарсақ пен түлкілердің белсенділігінің артуына байланысты ағымдағы жылы құтыру ауруы бойынша 28 эпизоотиялық ошақ тіркелді. Сондықтан екпе жұмыс-тарының барынша толық жүргізілгені дұрыс. Көктемгі вакцинация жұмыстары әдетте ақпан айынан бастап жылдың соңына дейін жүргізіледі. Шілде айы ең ыстық ай болғандықтан, бұл кезеңде вакцинация жүргізілмейді. Ағымдағы жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветери-нарлық іс–шаралар жоспарына сәйкес, жануарлардың 8 аса қауіпті ауруына қарсы вакцинация жүргізу көзделген (құтыру, аусыл, сібір жарасы, түйе обасы, қарасан, ринопневмония, нодулярлы дерматит, құстардың жоғары патогенді тұмауы). Ал ветеринарлық препараттарды сатып алу Республикалық деңгейде жүзеге асырылады, содан кейін вакциналар облысқа жеткізіледі. препараттар бекітілген жоспарға сәйкес толық көлемде жеткізіледі.

— Мал иелеріне көктем маусы-мында қандай кеңес берер едіңіз?

— Көктем – мал шаруашылығында өте маңызды кезеңдердің бірі. Қыс мезгілінен кейін малдың иммунитеті әлсіреуі мүмкін, сондықтан мал иелері ең алдымен жануарлардың денсаулығына ерекше көңіл бөлгені дұрыс. Ең бастысы – жоспарлы вакцинацияны уақытында жүргізу. Бұл малды түрлі жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі. Сонымен қатар малды көктемгі жайылымға бірден шығармай, біртіндеп үйреткен жөн. Рационды да өзгертіп, малға дәрумендер мен құнарлы жем-шөп беру қажет. Мал қораларын тазалап, санитарлық талаптарды сақтау да маңызды. Егер малдың жағдайында өзгеріс байқалса, уақыт жоғалтпай ветеринар маманға жүгінген дұрыс.

— Мал ауруының алдын алу үшін тағы қандай шаралар қолданылады?

— Аурудың алдын алу үшін вакци-нациядан бөлек, бруцеллез ауруына диагностикалық зерттеу өткізу үшін қан сынамалары алынады және олар зертханаларда зеттеледі. Сонымен қатар ауру немесе ауруға күдік болған аулаларда немесе қора-жайларда дезинфекция және дезинсекция шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ барлық ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар АШЖБ базасына енгізіледі.

— Бірдейлендіру жұмыстары жайлы айта кетсеңіз. Жоспарда қанша малды сәйкестендіру
керек, ол шаруа қай кезде жасал-ғаны жөн?

— 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы орган құрған ветеринарлық қызметтің құзыретіне ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу, диагности-калық зерттеулер және ауыл шаруашы-лығы жануарларын бірдейлендіру кіреді. 2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспары 526 067 басты құраса, іс жүзінде 598 001 бас бірдейлендірілді. 2026 жылға жоспарланған жас малды бірдейлендіру көлемі:

ІҚМ – 154 230 бас, ҰММ – 213 800 бас, жылқы – 52 270 бас, шошқа – 162 104 бас, түйе – 19 бас. Жыл басынан бері бірдейлендірілгені: ІҚМ – 18 013 бас, ҰММ – 19 288 бас, жылқы – 9 458 бас, шошқа – 34 208 бас.

Қазіргі уақытта 2026 жылғы төлді бірдейлендіруге арналған атрибуттарды мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылы барлығы ауылшаруашы-лығы жануарларының төлін бірдейлендіру үшін 715 492 дана құлақ сырғаларын сатып алу жоспарланған, оның ішінде: ірі қара мал – 330 000; ұсақ мал – 110 000; шошқа – 275 470; түйе – 22.

Бүгінгі күнге құлақ сырғаларының қалдығы: ІҚМ – 126 190, ҰММ – 520 878,
шошқа – 272 136, түйе – 12.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сара ӘБДОЛ.