Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарлануда. Санаққа дайындық жұмыстары биыл басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Үкімет басшысы мал шаруа-шылығы саласының көрсеткіштерін қалып-тастыру әдістемесі мәселелерін тудыратынын атап өтті. Сол себепті ол санаққа дайындық жұмыстарын биыл бастау керек екенін айтты.

— Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша ресми дерек-көздердегі деректер орта есеппен 20 пайызға бөлінеді. Дәл осы мәселені шешу үшін ауылшаруа-шылық санағы жүргізілуі керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы санағын жүргізу, оның ішінде ақпараттық жүйелерді жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеуі тиіс, — деді Премьер-Министр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, алғашқы ұлттық ауылшаруашылық санағы 2006-2007 жылдары өтті. Бірінші кезеңде, 2006 жылы – «Өсімдік шаруашылығы» саласы бойынша, екінші кезеңде — 2007 жылы – «Мал шаруашылығы» саласы бойынша. Санақпен 2,5 мың ауылдық және кенттік округ, 7,5 мың елді мекен, 9 мыңнан астам заңды тұлға, 194 мың шаруа (фермер) қожалығы, 2,2 млн-ға жуық үй шаруашылығы және 560 мың саяжай учаскесі қамтылды.

Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде аграрлық саланың жай-күйінің егжей-тегжейлі бейнесі алынды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және олардың аграрлық және жер реформаларын жүргізуге байланысты әлеуеті, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өнді-рушілердің әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынды.

А.МҰҚЫШЕВ.