Қазақстанда отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару мақсатында сауда қоры құрылатын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының экономиканы әртарап-тандыру және инвестицияларды тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржы даму институттары арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, зәкірлік, инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.
— Сыртқы нарықтарды дамыту стратегиясы шеңберінде сауда қорын және экспортты қолдаудың мамандандырылған құралдарын құру жоспарлануда. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік құралдары мен композиттік қызметтер бөлігіндегі қызметі кеңейтілді, бұл қазақстандық компанияларға бәсекеге қабілетті өнімдермен жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді, — деп хабарлады Үкіметте.
2025 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және 2027 жылға қарай қаржыландыруды одан әрі 10 трлн теңгеге дейін арттыра отырып, негізгі республикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға
8 трлн теңге бағыттайды.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.