«ҚазСуШар» республикалық мекемесінің павлодарлық филиалы Шідерті лимандық суару жүйесінің 16 нысанында тазарту жұмыстарын жүргізді.
Гидротехникалық нысандарды ағымдық жөндеуден өткізу жұмыстарын филиалдың Шідерті өндірістік учаскесі бастаған. Мұнда мамандар су өткізетін арнада бірқатар бөгетті тұрғызу және көтеру жұмыстарын жүргізуде. Нақтысы, 19 440 текше метр топырақ қазылып, олардың еңістерін 322 текше метр шой тастармен бекіту қарастырылған. Ал ұзын-дығы 0,9 шақырым болатын арнада механикаландырылған тазарту жұмыстары басталыпты.
Павлодар облыстық «ҚазСуШар» филиалының мәлімдеуінше, 16 су шығару нысандарын тазарту көзделіп отыр. Онда 413 текше метр топырақ қазу жоспарланған.
Биыл Шідерті магистральдік каналында ұзындығы екі шақырымнан асатын екі гидротехникалық нысанда арнаны механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ үш бөгет тұрғызу және көтеру жұмыстары атқарылып, 4091 текше метр топырақ қазылады.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.