Ағымдағы жылы егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ауыл шаруа-шылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 1 657,3 мың гектарды (2023 жылы — 1 637,0 мың га) құрайды. Бұл майлы және жемшөп дақылдарының егістігін кеңейту есебінен өткен жылғы деңгейден 20,3 мың гектарға артық.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімов бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 570,0 мың гектар алқапта немесе жоспардың 39 пайыз алаңында жүргізілгенін мәлім етті. Оның ішінде дәнді дақылдар – 327,0 мың гектар, көкөніс және бақша дақылдары – 25,0 мың гектар, майлы дақылдар – 167,0 мың гектар және жемшөп 50,0 мың гектар жерге егілді.
— Бүгінгі таңда 1062,8 мың гектар алқапта ылғал жабылды. Көктемгі жер жырту — 303,4 мың гектар, егіс алдындағы өңдеу – 576,2 мың гектар алқапта орындалды. Сондай-ақ, 174,4 мың тонна немесе 100 пайыз тұқым себілді. 2024 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды жөнелтудің жоспарланған көлемі 94 100 тоннаны (Жол картасы бойынша ғылыми негізделген қажеттілік) құрайды. Қазіргі күні 25 600 тоннаны жөнелтуге шарттар жасалды, іс жүзінде 16 753 тонна, оның ішінде «ҚазАзот» АҚ — 573 тонна, «Қазфосфат» АҚ 346 тонна жөнелтілді. Айта кетейік, «ҚазАзот» АҚ және «Қазфосфат» АҚ тыңайтқыштарын өндірушілерге аммиак селитрасы мен аммофосқа қажеттілік бойынша тізімдер жіберілді. Онымен қоса, «ҚазАзот» АҚ ережесіне сәйкес 1058 тоннаға, «Қазфосфат» АҚ 1100 тоннаға тыңайтқыш-тарды сату жоспары құрылды, — деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, Есентай Мүрсәлімов биылғы көктемгі дала жұмыстарына барлық модификациядағы 2875 трактор, 1794 бірлік соқа, 1015 қопсытқыш, 6606 тырма, 4123 сепкіш және 261 егіс кешені қатысқанын атап өтті. Айтуынша, Павлодар облысына 25,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылдан 1,9 мың тоннаға артық.
— Операторлық қызметтерді ескере отырып, арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны тоннасына
282 мың теңгені немесе литріне 237 теңгені құрады, бұл нарықтық құнынан 58 теңгеге арзан. Бүгінгі таңда облыстың АШТӨ 22,9 мың тоннаға шарт жасасты, 15,3 мың тонна төленді, 13,6 мың тонна жөнелтілді. Шаруашылықтардың дизель отынын іріктеуі бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, — деп толықтырды ол.
Бұдан бөлек, бөлім басшысы биыл өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге субсидиялар бөлінгенін айтып, бүгінгі күні 2,5 млрд теңге сомасына күту парағында болған 1 355 өтінім толық көлемде төленгенін жеткізді.
— Ағымдағы жылы «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағыты бойынша – 1,9 млрд теңге, «Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға» — 2,0 млрд теңге, «Пестицидтердің құнын субсидиялау» бағытына – 1,6 млрд теңге, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субси-диялауға» — 0,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен 2024 жылы көктемгі дала жұмыс-тарына жалпы сомасы 12,3 млрд теңгеге 284 кредит берілді. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы 4,1 млрд теңгеге 157 кредит, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 1,3 млрд теңгеге 44 кредит, «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2,8 млрд теңгеге 113 кредит берілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 8,2 млрд теңге сомасына 127 қарыз алушы кредиттелді, 364 бірлік техника сатып алынды, — деді Е.Мүрсәлімов.
А.МҰҚЫШЕВ.
Суретті түсірген — Есенжол Исабек.