Адам жанының айнасы

Қар 13, 2025

Дос дегеніміз кім? Кез келген адам осы сұраққа талай рет жауап іздеді. Әрине, әр адамның өз ойы бар.

Менің ойымша, дос дегеніміз адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, жанына ұқсас жанды іздейді. Шын мәнінде адам досты өз қалауымен таңдамайды. Досты өмір өзі қосады.

Абай атамыз «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деп айтып кеткен. Қазір біз басқа ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі — біздің бір-бірімізге деген ыстық ықыласымыздың нәтижесі.

Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы – адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекер. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды. Сондықтан «Дос алтыннан да қымбат» деген сөзді әрқашан жадымызда сақтайық.

Керім ЕРЛЕПЕСОВ,

№15 орта мектептің 2-сынып оқушысы.

Павлодар қаласы.