Ертеде бір аю орманды мекендейді. Бірде оған бал қажет болып, оны іздеуге шығады. Сол күні ауа райы да өзгеше болады.

Орман ішін аралап келе жатып, бір ағаштың үстінен аралардың ұясын көріп қалады. Ақымақ аю қатты қуанады. Ол аралар қауіпті екенін білген жоқ. Еш күдіксіз ағашқа өрмелеп шығып, үйшікті бұзды. Сол уақытта аралардың ызыңдағандары басталып, топтасып, аюдан өшін алады. Ақымақ аюдың есі шығып, жанымен әлек болады. Аюдың аралардан қашып құтылғаны немесе қашып құтыла алмағандығы туралы әлі күнге дейін ешкім білмейді.

 

Аяла ЗӘКІРОВА, 2-сынып оқушысы, Аққулы ауданы.