Маржан, Павлодар қаласы:
— Жасым 15-те. Мінезім тұйық. Мені ешкім қажетсінбейтін сияқты. Әңгімелесе де қоймайды. Сыныптас қыздармен де араласып сөйлесуім қиындау. Ата-анама да ашылып ештеңе айта алмаймын. Не істесем болады?
Сауалға тәжірибелі психолог
Сәуле Ордабаева жауап береді:
— Тұйық болу – адамға туа бітті қасиет емес. Одан арылуға болады, әрине. Ол үшін алдымен өз-өзіңізді дайындаңыз, айнаға қарап өзіңізбен сөйлесіңіз. Арылуға тырыссаңыз, қолыңыздан келеді. Тұйық болу өз орта-
ңызда ойыңызды ашық айтып, пікір білдіруіңізге кедергісін келтіруі мүмкін.
Өз ортаңызда өз ойыңызды қысылмай ашық айтып, белсенді болған жақсы. Көңілді орталарға жиі барыңыз, адамдармен сөйлесіп, ойыңызды ашық айтудан қысылмаңыз, бірте-бірте өз ортаңызға, қоғамға сіңіп кетесіз.