Жас таланттар шеберханасы

Мау 12, 2025

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайындағы «Жас дәурен» вокалдық студиясы дарынды балалармен жұмыс жүргізеді. Жыл сайын студия жаңа солистерді қабылдап, олардың вокалдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Балалар ән айтқанды, түрлі байқауда өнер көрсеткенді жақсы көреді.

Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту барысында баланың музыкалық есту сезімін дамытуға, тониканы, ырғақты сезу, сонымен қатар мақам мен артикуляция, бет қимылы, есту, тыныс алуға арналған жаттығулармен жұмыс істеу ескеріледі.

Студияның тәрбиеленушілері халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары атанды. Мәселен, олар «Бозторғай», «Айгөлек» (Алматы), «Веселый ветер» (Болгария), «Талисман удачи» (Түркия), «Браво, дети!» (Ресей), «Легенды Средиземноморья» (Испания), «Аңыз дала» (Астана) секілді байқауларда топ жарды.

Мысалы, вокалдық сту-дияның алғашқы түлектерінің бірі — Әзілхан Сейтебаев бүгінгі күні Алматы қаласында шығармашылықпен айналысып, өлең жазып, түрлі деңгейдегі концерттерге қатысады.

Нұрсұлтан Сабыров Алматы қаласындағы консерваторияны тәмамдап, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында жұмыс істейді. Әсем Мейрамова Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында, Дәрия Мағзымова Астана музыкалық академиясында эстрадалық вокал факультетінде білім алды.

Біз өз түлектерімізбен мақтанамыз!

Б.НОҒАЕВА, «Жас дәурен» вокал студиясының жетекшісі.