Менің туып-өскен жерім – егемен Қазақстан. Ол — өте үлкен республика. Табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда өзен, көл, орман, таулар бар. Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп. Бағалы аңдар, жануарлар мен құстар да көптеп кездеседі.

Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары бар. «Медеу» мұз айдыны — халқымыздың мақтанышы. Ал бас қаламыз — Астана жыл сайын көркейіп, гүлденуде.

Біздің елімізде әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар бейбіт, тату өмір сүруде. Осындай елде тұрып жатқаныма қуаныштымын. Қазақстан болашақта ірі мемлекеттердің қатарына қосылады деп сенемін. Еліміздің болашағы — біз. Сондықтан өз елімнің дамуына кішкентай болса да үлесімді қосуға тырысамын. Мен өз Отанымды, туған жерімді жақсы көремін және мақтан етемін.

Аяла ҚАНАТ, №24 орта мектептің 1-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.